Показать содержимое по тегу: Футбол
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде командасының Бразилиядан 3-0 есебімен ұтылғанына ренжулі, деп жазады egemen.kz.
«Барселона» және Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес шамамен 10 қабаттық үйдің биіктігіне тең болатын көтергіш краннан лақтырылған допты тоқтата алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Видео YouTub-та What Football арнасында орналастырылған. 29-жастағы уругвайлық брендтік спорттық киім мен аяқ киім өндірушінің жарнамалық компаниясы шеңберінде өз техникасын паш етті.
11 қазан күні «Астана Арена» стадионында ӘЧ-2018 іріктеу турында Қазақстан футбол құрамасымен ойнаған Румыния футболшыларын белгісіз біреулер тонап кетті, деп хабарлайды inform.kz.
Футбол қазаққа жат емес. Мұны тасқа салынған тарихи таңба дәлелдейді. Өр Алтай мен Жоңғар тауларынан табылған таңбалы тастардан футбол ойнаған адам бейнесі кездескен. Үрімжі қаласынан шығатын «Мұра» журналының 1998 жылғы 3-санында «Таңба не дейді? Немесе Алтай футболдың отаны» деп аталатын зерттеу мақала жарияланды. Басылымда жарық көрген тастағы мұрағат – ерте ғасыр суреті. Тарихшылардың пайымдауынша, «Алтай футболын» бәдізшілер сонау Күлтегін билік құрған заманда қашаған.
«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин «Спорт день за днем» басылымына берген сұхбатында қазіргі клубы туралы, Қазақстандағы өмірі жайлы, сондай-ақ, еліміздегі басты футбол жекпе-жегін сөз етті.