— Андрей, Қазақстан футболға қаншалықты жақын ел?
— Қазақстан ба? Халық матчтарға барып тұрады, бірақ көп емес (күліп). Сонда да, Алматыда футболды өте қатты жақсы көреді.
— Алматылық «Қайрат» сапында кеңес кезінде Құрбан Бердыев ойнады. Қалада, клубта оны ұмытпады ма? Құрбан Бекийұлы Чемпиондар лигасында тарихын қалыптастырып жатқан «Ростовты» бақылап жүре ме?
— Әрине, бақылайды. Менің білуімше, клубтың бақылау кеңесінің басшысы Қайрат Боранбаев Құрбан Бердыевпен араласып тұрады. Ол Түркменияда туса да, Алматы, жалпы Қазақстан Бердыевты өз адамындай көреді.
— Қазақстан чемпионатында екі айқын гранд бар — «Қайрат» пен «Астана». Олардың арасындағы матчты «Спартак» — ЦСКА немесе «Спартак» —«Зенит»дербиімен салыстыруға бола ма?
— Сенесіз бе, матч алдындағы қызбалық деңгейін айтар болсақ, қос команда өзара кездесуді солай қабылдайды. Жалпы, футбол деңгейін алар болсақ, әрине, ресейлік дерби қазақстандық чемпионаттағы көшбасшылардың кездесуінен әлдеқайда жоғары.
— Тұрғылықты жағдайды айтар болсақ, Алматыда өзіңізді қалай сезінесіз?
— Тамаша! Маған достарым көмектесті, сондықтан ешқандай қиындық көрген жоқпын.
— Қазақ асханасынан сүйікті тағамыңыз бар ма?
— Қазір қазыны көп жеймін, бұл асты бұрын онша жақсы көрмейтін едім. Жалпы, мен жылқының етін әр түрлі тәсілмен жей беремін. Ал бесбармақ, шынымды айтсам, ұнаған жоқ. Қасында Өзбекстан жақын болса да, Қазақстанда палауды дұрыс дайындай алмайды (күліп). Қалай дегенде де, Алматыда өткізген уақытымда Өзбекстандағыдай дәмді палауларды жасайтын жерді кездестірген жоқпын.
— Сізге «Грассхоппер» немесе «Базельден» ұсыныс түссе, Қазақстанды Швейцарияға алмастырар ма едіңіз?
— Қайдам. Орысша сөйлемейтін елге көшкім келмейді. Бұл тұрғыда Қазақстанда Ресейде жүргендей боламын. Сондықтан, мында бәрі ыңғайлы.
Ермұхаммед Мәулен
Дерек көзі: aladop.kz