Показать содержимое по тегу: әйел
Гендерлік саясат туралы қоғамда сан түрлі пікірлер бар. Біреу мақтап, біреу даттап жатады. Екі тараптыңда сөзіне құлақ түрсең, айтылған ойлары қамшының өріміндей бірі мен бірі үйлесім тауып жарасымды жұп құрап, алды артыңды матап тастайды. Дегенмен батысқа қарап көш түзеуге қарсымын.
Күйбең тірлік. Өмірдің, отбасының ажырамас осы бір бөлігін Құдай о баста меншіктеп, қайда барса да, немен айналысса да нәзік жандыларға еншілеп қойғандай.
Отбасындағы зорлық-зомбылық құлаққа жат естілсе де, амал не, қазақтың босағасынан аттап, төрінен орын алғалы қашан.
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылында тұратын Баян Абдуллаева — тасы өрге домалаған кәсіпкердің бірі. Ол 2014 жылы «Даму» қорының бағдарламасы бойынша мемлекеттен грант алып, дүкен мен кондитерлік цех ашқан.