Показать содержимое по тегу: өмір
Баршамыз да тыныш, бақытты өмірді аңсаймыз. Бірақ, кей жағдайда өзге адамның қатысуымен біздің көңіл-күйіміздің бұзылып, мұңаюымызға, ренжіп, өкпелеуімізге, тіпті кейде кектенуімізге душар қылатын жағдайларға тап болып жатамыз. Жанымызға салмақ түсіп, ойымыз өзгеріп, негізгі бағытымыздан ауытқып, бүліне бастаймыз. Сондағы қозғалтқыш күш не? Ол-реніш! Ал оған қарсы құрал не? Ол – кешірім!
Бет-әлпет – әр әйелдің айнасы. Бірақ жастықты сақтап, қартаюдың алдын алу қиын. Ал шынында бетті күту қарапайым әдістерден басталады. Сонымен ол қандай әдістер, назар аударыңыз.
Қыз бен жігіт жүріп жүрген кезінде, көп жағдайда қыздың ойында «Бұл сол адам ба?» деген күдік болады. Өмірлік серігіңді табу оңай емес. Кейбіреуіміз бірден ертегідегідей жарасып кетсек, кейбіреуіміз күдікпен күн өткіземіз. Сондай жағдайдағы басты қателігіміз қыздардың сезімге беріліп, жанымыздағы адамның көзге ұрып тұрған кемшіліктерін ақтап алып, өзімізді алдап, кейін сан соғып қалатынымыз. Әрине, көп нәрсе бұйырмысқа да байланысты. Болашақ өміріңінің барлық тұсын алдын-алу да мүмкін емес. Дегенмен, кеш болмай тұрғанда сіздің өміріңізді тең бөлісетін адамды тану жолында аянбауымыз керек.
Бағалы заттарын тонап кеткен ұры үй иесіне үш жылдан соң кешірім сұрап хат жазған. Қожайын болса мұндай адалдыққа разы болып, арызын қайта алған, деп жазады aikyn.kz порталына сілтемемен silteme.kz.