Елдікті ту еткен еріктілер
11.08.2020, 19:41

Елдікті ту еткен еріктілер

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Мемлекет басшысының бұл шешімі еліміздің жастары үшін баға жетпес мүмкіндік болды. Себебі жастар қоғам ісіне қатысу арқылы сенімді, елін сүйер азамат болып қалыптасады.

Қасым-Жомарт Кемелұлының саясатын қолдау аясында «Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы» базасында жыл басынан жастар арасынан өзіміздің атқарып жатқан саламыз бойынша еріктілер тобын құруды жоспарлаған болатынбыз. Бүгінгі таңда Орталықтың жанынан Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан жоғарғы оқу орындарының белсенді студенттерінен жасақталған 17 жас еріктілер тобы жұмыс атқарып келеді. Мақсат – қаламыздың жас тұрғындарына діни экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастыру, жастарға жастар тілімен дәстүрлі дінімізді насихаттау және оларды жат діни ағымдардан қорғау.

Жас еріктілер тобының негізін дінтану, теология және заң мамандығы бойынша білім алып жатқан жастар құрайды. Жалпы жыл басынан 40-тан аса студенттер ерікті болуға өтініш білдірді. Солардың ішінен мақсаты айқын белсенді, патриот әрі білімді жастарды таңдап алдық. Қазір бұл еріктілер Орталықтың жоспарын жүзеге асыру үшін өз үлесін қосуда.

Өкінішке орай 2020 жылы әлемді жайлаған COVID-19 дертіне байланысты көптеген жоспарымыз іске аспай жатыр. Мәселен осы жас еріктілер тобы қаламыздағы орта білім беретін мекемелер мен жастар жиналатын бірнеше қоғамдық орындарда жат діни ағымдардың қаупін жеткізетін насихат жұмыстарын жүргізуі жоспарланған болатын. Алайда, індетке байланысты бұл жұмыстар тоқтап қалды. Дегенмен белсенді жастарымыз қарап отырмай, "Biz birgemiz" акциясының аясында  мұқтаж жандар мен көп балалы отбасыларға азық-түлік және күнделік тұрмысқа қажет заттарды жеткізумен болды. Төтенше жағдай кезінде ерікті жастарымыз елордамыздағы 600-ге жуық отбасын арналған заттарды мекен-жайларына апарумен болды. Аталған іс-шаралар кешені Рамазан айының басынан соңына дейін жалғасты. Еріктілер осындай сындарлы уақытта көмек қолын созу азаматтық борышы екенін айтты.

Сондай-ақ, қазіргі таңда ерікті жастарымыз қаламыздың жас тұрғындарына діни экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында бірнеше бейнеролик пен мақала жазып, өздерінің жобасын ұсынды. Олар сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының карантин жағдайындағы діни сауаттылықты арттыруға бағытталған онлайн түсіндіру жұмысына да атсалысты. Олар: «Әлеуметтік желілердегі насихат», «Ғылым мен дін. ХХI ғасырдағы арақатынасы», «Дінтану мамандығының қазіргі қоғам үшін маңыздылығы», «Жастар мен дін. ХХI ғасырдағы арақатынасы», «Прагматизм. Дәстүр және дін» және «Әлемдік діндердің жаңа технологияларға деген көзқарасы» атты түрлі тақырыпта өз дәрістерін жүргізді.

Еріктілер қозғалысы еліне бейжай қарамайтын, өзгерісті өз айналасынан бастайтын белсенді жастардың көбеюіне ықпал етіп келеді. Білімін қайырымды іспен ұштастыратын жастар өмірлік дағдылар үйреніп, қабілет меңгеріп, жаңа қырынан таныла білді. Осы арқылы еріктілер тобы өміршеңдігін көрсетті.

 

Ерназаров А.

Дерек көзі: http://cipr.kz/#

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер