«Астана» өз алаңында «Спортингке» есе жіберді
16.02.2018, 15:42

«Астана» өз алаңында «Спортингке» есе жіберді

«Астана» өз алаңында «Спортингке» есе жіберді kazfootball.kz

«Астана» клубы қазақстандық командалар арасында алғашқы болып Еурокубок ойындарының плей-офф кезеңіне шыққан болатын.

Жеребе Еуропа лигасының  1/16 финалында елордалық команданың қарсыласы ретінде португалиялық «Спортинг» клубын таңдаған.

«Астана Аренадағы»  алғашқы ойынға қос команда да әртүрлі себептерге байланысты мықты ойыншыларын алғашқы минуттан алаңға шығара алмады. Әсіресе қонақ команда қатарында жарақат алған бірнеше көшбасшы ойыншы бүгінгі ойыннан тыс қалды. Ал «Астана» клубы қысқы трансфер кезінде негізгі шабуылшысы Кабанангадан айырылып қалған. Африка құрлығының ойыншысы өз бақытын өзге клубта іздеуді жөн көрген.

Ойын басталысымен «Астана» жылдам гол соға алды. Қонақтар алаңға бой үйреткенше алаң қожайындары есепте алға шықты. Өз мүмкіндігіне ұқыпты қараған Марин Томасов болатын. Қақпаларына гол жіберіп алған «Спортинг» есепті теңестіруге ұмтылғанымен елордалық команда қақпашысы Эрич тамаша сейфтер жасап бұл ойларын жүзеге асырмады. «Астана» да қарап қалмай қарымта шабуыл кезінде бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастыра алды. Кездесудің бірінші таймының соңында қос клуб бір-бірден гол соққанымен екі допты да төреші офсайд деп есептемей тастады. Осылайша кездесудің бірінші таймы 1:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймның басы қазақстандық команда үшін сәтті болды деуге келмейді. Айналдырған он минут ішінде «Астана» қақпасына үш гол жіберіп алды. Алдымен Фернандеш пенальтиден есепті теңестірсе, Мартинеш соққан гол қонақтарды есепте алға шығарды. Есепті теңестіруге ұмтылған «Астана» тайлы тұйағымен шабуылға көшкен. Алайда қарымта шабуыл кезінде қорғаушылар қырағылық таныта алмай қақпамызға үшінші гол соғылды. Гол авторы Сейду Думбия болатын.

Ал ойынның 62-ші минутында Юрий Логвиненко екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Бұл дегеніміз нағыз «жығылғанғы жұдырық» еді.

Он адаммен қалған алаң қожайындарының бар уайымы қақпаларына төртінші гол жіберіп алмау болса, қонақтардың ірі есеппен жеңіске жетуге зауқы болмады.

Кездесудің қалған отыз минутында есеп өзгермей «Астана» өз алаңында жеңіліс тапты.

«Астана» (Астана, ) — «Спортинг» (Лиссабон, ) 1:3 (1:0)

Голдар: Томасов 7 (1:0), Фернандеш пенальтиден 48 (1:1), Мартинш 50 (1:2), Думбия 55 (1:3)

Ескерту алғандар: Логвиненко 47, Бейсебеков 80, Маевский 81 — Коатес 25, Карвалью 76

Алаңнан қуылды: Логвиненко 62

«Астана»: Эрич, Шомко, Аничич, Логвиненко, Шитов, Маевский, Бейсебеков, Кляйнхайслер (Станоевич 56), Томасов (Муртазаев 86), Твумаси, Деспотович (Малый 64)

«Спортинг»: Патрисиу, Коатес, Коэнтрау (Батталья 57), Пинту, Фернандеш, Акунья, Карвалью, Руис, Мартинш (Рибейру 84), Думбия (Монтеро 61), Пиччини

©prosports.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер