Сондай-ақ, делегация құрамында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Тұрақты Өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел, Орта Азия бойынша БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының үйлестірушісі Дмитрий Фрищин, БҰҰ Даму бағдарламасы Тиімді басқару департаментінің директоры Константин Сокульский болды.
Кездесу барысында министр Н. Ермекбаев БҰҰ Даму бағдарламасымен конструктивті ынтымақтастық орнатудың өзектілігін, сондай-ақ тұрақты түрде өткізілетін кеңестер мен байланыстардың айрықша маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек министр ведомстваның дін, азаматтық қоғам саласындағы қызметі, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы баяндады.
Тараптар БҰҰ Даму бағдарламасының жастар саясаты, азаматтық қоғам және радикалдық экстремизмге қарсы іс-қимыл салалары бойынша қолға алған жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады.
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты Өкілі Норимаса Шимомура кездесуге қатысушыларды БҰҰ Даму бағдарламасының «Орта Азиядағы зорлық-зомбылық бағыттағы экстремизмнің алдын алу мақсатында жергілікті қауымдастықтардың тұрақтылығын нығайту мен трансшекаралық ынтымақтастық» және «Адам капиталын дамыту үшін тұрғындарды волонтерлық қызметке тарту және азаматтық қатысуды нығайту» жобаларының міндеттері мен іске асыру тетіктері туралы айтып берді.
Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылағаннан кейін тараптар жастар арасындағы экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ халықты волонтерлық қызметке тарту мәселелерін шешу жолында тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді.