Показать содержимое по тегу: Ұлттық құрама
Биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық құрама мүшесі, жасөсіпірімдер арасында әлем чемпионы, Азия біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы Галина Вишневская prosports.kz тілшісіне сұхбат беріп, жоспарымен бөлісті.
Футзал - өткен ғасырдың 30 жылдары футболдың қарашаңырағынан отау болып бөлініп шыққан болатын. Алғаш Уругвайда пайда болып, кейін көрші Бразилия жеріне көшкен кіші теңбіл доп өнерінде күні бүгінге дейін Латын америкалықтар мықты саналып келеді. Футзал ойыны біздің елде де қарқынды дамып келеді. Сөзімізге 2016 жылы Сербияда өткен Еуропа чемпионаты дәлел. Какау бастаған жігіттер алғаш рет қатысқан қарт құрлық біріншілігінде-ақ қолаға қол созған болатын. Араға аз уақыт салып төрт жылда бір болатын әлем чемпионатыда да жақсы өнер көрсетті.
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен этникалық қазақ Елмұрат Тасмұратов қырғыз халқының үкілі үміті болған Арсен Ералиевті жеңіп, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.