Показать содержимое по тегу: цифрлық технология
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Жұмағалиев Оңтүстік Қазақстан облысына іссапармен келді. Сапар барысында Вице-Премьерге облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев цифрландыру жүйесі енгізілген бірқатар нысандарды көрсетіп, ондағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобалармен таныстырды, деп ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіп кешеніне цифрлық технологияларды қолдану қарқынды дамып келеді. Мәселен, облыста заманауи технологиялар егін шаруашылығы мен мал шаруашылығында ендіріліп, оның жемісін бүгінде ауыл шаруашылығы мамандары көріп келеді. Бүгінде бағбандар озық технологияның нәтижесінде 2,8 мың гектар жерге егілген қарқынды баудың өнімділігі, дәстүрлі тәсілмен егілген 29 мың гектар баудың өнімділігіне қарағанда 1,5 - 2 есеге артқанына көз жеткізді. Бұл кешегі Елбасы Жолдауының үшінші бағытында айтылған «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту тапсырмасына саяды, - деп silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.