Қазақстан тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеу үшін ең алдымен, трансұлттық компанияларды тартуы қажет. Бұл туралы Президент Н.Назарбаевтың 2017 жылы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған.
Елбасы биылғы Жолдауында шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажеттігін, сонда ғана халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті болу мүмкін екендігін атап көрсетті. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет пен әкімдерге субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу жөнінде тапсырма берілді. Сонымен бірге, жерді пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40 пайызға ұлғайтып, 2 миллион гектарға жеткізу міндеті қойылып отыр. Жолдауда айқындалған осы басым міндеттер қалай, қандай тәсілдермен жүзеге асырылады? Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан ӘБДІМАНАПТАН сұрап, білген едік: