Астана ең танымал үш қаланың тізіміне енді
12.04.2018, 10:39

Астана ең танымал үш қаланың тізіміне енді

Астана ресейліктер арасында мамыр мерекелерінде саяхаттап баруға болатын ТМД-дағы ең танымал қалалардың рейтингісінде екінші орынға шықты.

Бұл рейтинг 29 сәуір мен 10 мамыр аралығындағы қонақ үйлер мен пәтерлерге сауалдар мен тапсырыс беру тізімі бойынша құрастырылған. Бұл туралы Tvil.ru қонақ үй брондау қызметі хабарлады, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

ТМД-ның ең танымал қалаларының рейтингін Минск бастап тұр. Одан кейін екінші орынды Астана, үшінші Баку, төртінші Ереван және бесінші орынды Брест жалғастырады.

Астанада туристер мамыр айының басында орташа есеппен 2,5 түнге қалуды жоспарлаған. Сондай-ақ, олар қонақ үшін тәулігіне 16 мың 600 теңге жұмсауға дайын.

Ал Минскіде ресейлік туристер тәулігі 14 мың 500 теңге, Бакуде – 17 мың 200 теңге, Ереванда – 14 мың 500 теңге, Брестте – 10 мың 420 теңге тұратын қонақ үйлерде тоқтауға қарсы емес.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер