2016 ЖЫЛЫ 80 МЫҢНАН АСТАМ ОТАНДЫҚ АВТОТАСЫМАЛДАУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛ ЖАСАДЫ
30.01.2017, 14:27

2016 ЖЫЛЫ 80 МЫҢНАН АСТАМ ОТАНДЫҚ АВТОТАСЫМАЛДАУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛ ЖАСАДЫ

2016 жылы ҚР ИДМ Көлік комитеті 42 мемлекеттің уәкілетті органдарымен халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға 146 010 шетел рұқсат бланкілерімен айырбас жүргізілді, оның ішінде: 119 280 әмбебап бланкісі, 26 730 үшінші елге немесе елден тасымалдау бланкісі.

Нәтижесінде, өткен жылы отандық тасымалдаушыларға 97 мыңнан аса шетел рұқсат бланкілері берілді. Оның 80 476 -ы пайдаланылған, бұл бұрын берілген рұқсаттардың 83% құрайды.

Отандық тасымалдаушыларға шетілдік рұқсат бланкілерін беру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылған және электрондық жүйені қолдану арқылы көрсетіледі (www.elicense.kz электронды үкімет порталында).

Аталған жүйеде шетелдік рұқсат бланкілерін тарату тасымалдаушының жылжымалы құрамының саны, бұрын алынған бланкілердің кері қайтарылуы және аумақтық органдарда қалған бланкілер есепке алына отырып жүзеге асырылады.

2017 жылғы 27 қаңтардағы жағдай бойынша Комитет 39 мемлекеттің уәкілетті органдарынан 102 095 рұқсат бланкілерін алды оның ішінде: 79 635 әмбебап бланкісі, 22 460 үшінші елге немесе елден тасымалдау бланкісі.

Бүгінгі күні алынған шетел рұқсат бланкілері Комитеттің аумақтық көліктік бақылау инспекциялары арқылы таратылды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер