ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҰЙЫМЫНЫҢ МІНДЕТТІ АУДИТІ ӨТУДЕ
27.01.2017, 18:19

ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҰЙЫМЫНЫҢ МІНДЕТТІ АУДИТІ ӨТУДЕ

Қазақстан Республикасында ағымдағы жылдың 23-30 қаңтары аралығында IMO міндетті аудиті өткізіп жатыр. Аудит шеңберінде IMO сарапшыларының теңіз әкімшілігі мен қоршаған ортаны қорғау бойынша және навигациялық гидрографиялық қамтамасыз етуге қатысты қызметтерді орындайтын мемлекеттік органдардың қызметін тексеру жоспарлануда.

Сонымен қатар, IMO аудитінің порттық бақылаудың жүзеге асырылуын және іздестіру мен құтқару, теңіз ортасының ластануына жедел әрекет жасау мен кемелердің қауіпсіз бункерлігіне қатысты тексеру жүргізу үшін Ақтау қаласына баруы жоспарлануда.

 Аталмыш іс-шара Халықаралық теңіз ұйымының (IMO) талаптарына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап IMO мүшелігіне кіретін елдер міндетті аудиттен өтулері тиіс.

Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап IMO мүшесі. IMO міндетті аудитін өтуге дайындық шеңберінде бұрын Инвестициялар және даму, Қорғаныс, Энергетика және Ішкі істер министрліктерімен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Онда Каспий теңізінде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кемелердің ластауына жол бермеу бойынша Стратегия бекітіліп, нормативтік-құқықтық базаға сай IMO теңіз әкімшілігінің міндетті есеп жүйесі жолға қойылды.

Міндетті аудиттен өту туралы есепті IMO аудиторлары биылғы жылдың 1 жарты жылдығы барысында ұсынады.

Аудитті өту халықаралық теңіз конвенцияларының талаптарына теңіз көлігі саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінің сәйкестігін халықаралық мойындауын қамтамасыз етеді.

Анықтама:

Бүгінгі күнде ҚР тізілімінде 326 теңіз кемесі тіркелген. 2016 жылы Ақтау халықаралық сауда порты арқылы шамамен 6 млн. тонна жүк ауыстырылып тиелді. Отандық теңіз көліктерімен (8 танкер және 3 құрғақ жүк) 3 млн. 082 мың тонна жүк тасмалданылды, бұл көрсеткіш 2015 жылғыдан 7%-ғы артық.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер