АСТАНА ӘУЕЖАЙЫНДА ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУ МЕН АВИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАДЫ
23.01.2017, 19:01

АСТАНА ӘУЕЖАЙЫНДА ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУ МЕН АВИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Астана әуежайында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаевтың төрағалығымен «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бірқатар толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі» заң жобасын әзірлеуші жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырысқа ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және мемлекеттік органдар мен әуекомпаниялардың өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бірқатар толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі» заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр.

Заң жобасының мақсаты алдағы уақытта Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы заңнамасын жетілдіру, авиация қызметін бақылау және қадағалауды жақсарту, әуе көлігі жүйесінің тиімділігін және әуе қызметтерінің сапасын арттыру, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сала мамандарының жауапкершілігін күшейту. Сонымен қатар, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартына сай болу және ұлттық заңнамадан қарама-қайшылықтарды алып тастау мәселелері де қамтылған.

«Авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО-ның жоспарлы аудитінен сәтті өтуде негізгі критерилердің бірі мықты заңнамалық база болып табылады. Аудитке дайындалу аясында заң жобасына елеулі өзгерістер енгізілді. Атап айтар болсақ, мемлекеттік инспекторлардың құзыретін кеңейтуге  бағытталған, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту және әуежайлардағы авиациялық қауіпсіздік қызметі персоналдарына аттестация енгізу мәселелері бар», - деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау.

Аталмыш отырыста тағы бірқатар мәселелер қаралды. Оның ішінде еліміздегі әуежайлардың даму перспективалары және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне астана әуежайының дайындығы мәселелері бар.

Сонымен қатар, көшпелі отырысқа қатысушылар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жалпы ауданы 47 000 шаршы метр болатын жаңа жолаушылар терминалының құрылысымен танысты. Терминал құрылысы аяқталғаннан кейін күту залына бір уақытта 2 525 жолаушыға дейін сыятын болады. Бүгінгі күні әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұның алдында перронға жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жаңа бизнес-терминал пайдалануға берілген болатын.

Астана халықаралық әуежайы өндірістік көрсеткіші тұрғысынан Қазақстандағы екінші әуежай торабы болып саналады. Оңтүстік Шығыс Азия мен Батыс Еуропаны байланыстыруда Астана қаласының географиялық жағынан  Еуразиялық материктің дәл ортасында орналасуы трансферлік және транзиттік тасымал саласында авиацияны дамытуға зор мүмкіндік береді. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер