Показать содержимое по тегу: талдау
Қазақстанда мәдениеттанушы көп. Алайда бір өзі бір институттың жұмысын атқарып, ең актуальды да тың салаларды қопара зерттеп, жоғалған дүниелерді мемлекеттен де, демеушілерден де еш қолдау көрмей өз өлермендігімен қазаққа қайта оралтып жүргендері аз. Бүгін біз «Ұлы даланың күш мәдениеті» ұғымын айналымға қосып, тыңнан түрен салған мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаровпен болған интервьюді назарларыңызға ұсынамыз.
Silteme.kz порталының «Іскер Talks» жобасы аясында бұл жолы назарларыңызға ҚР Мәдениет қайраткері, журналист Зейін Әліпбектің «Сақшы» газетіне берген ілкімді сұхбатын ұсынамыз.
Әміре Қашаубаевты білмейтін қазақ бар ма? Бар болса, көрермендерге енді ғана жол тартқан «Әміре» фильмін тамсана көре алады. Ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап күллі қазақ елі «Әміре» фильмін тамашалай бастайды. Қазақ ән өнерін әлемге паш еткен тұңғыш әнші болып ұлт тарихында есімі қалған Әміре жайлы бұл алғашқы соны кинотуынды. Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Әлидар Өтемұратовтың «Dar Play» компаниясы бірлесе түсірген бұл киножоба көптеген бірегей ерекшеліктерге ие. Солардың бастысын басымдықпен атап өтейік.
Өзінің қателігін, я болмаса кемшілігін мойындамайтын адамдар болады. Жаны ашитын жақындары айтса да ешқандай сынды қабылдамай, өздерін керемет мықты санайды. Бәлкім, жұрт алдында мойындаудан ұялатын шығар, айтылған ойдың дұрыс екендігін іштей болса да түсінер деп үміттенесің. Өкінішке қарай, жылдар өтсе де баяғы жартас сол жартас болып қала береді.
Әлеуметтік желі белсенді қолданушылардың бірі Нұрмұхаммед Байғараев өзінің фэйсбук парақшасында еліміздегі муфтидің ауысуы мысалында қазақстандық БАҚ-қа не жетіспейтінін атап өтті, деп хабарлайды silteme.kz.