Показать содержимое по тегу: ХҚКО
Елбасының бастамасымен құрылған «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» құрылғанына биыл 2 жыл. Ведомствоға қарасты Оңтүстік Қазақстан облыстық Халыққа қызмет көрсету орталықтары 2 жыл ішінде 10 миллионнан астам қызмет көрсетсе, оның 7 миллионы электрондық нұсқада. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітов мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz AA.
Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін Электрондық үкімет порталы арқылы онлайн ауыстыра алады. Бұл туралы baribar.kz мәлімдеді.
«Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін Электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының тұрғындарына ұсынылады. Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, электронды сандық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса, фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеуі керек. Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің баж салығы 1,25 АЕК-ті (3007 теңге) құрайды»,- делінген хабарламада.
- Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегеннен кейін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен толтырылған электрондық өтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электрондық чекті басып шығару керек.
- Дайын құжатты алып кету үшін тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының Тіркеу-емтихан алу бөлімшелеріне бару керек.
- Өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамаларды, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.
Жуырда Алматы қаласында, кейін барлық облыс орталықтарында халыққа цифрлық қызмет көрсету орталықтары ашылады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді, деп BNews.kz сілтеме жасай отырып silteme.kz хабарлайды.
Елорданың Есіл ауданында цифрлық Халыққа қызмет көрсету орталығының ресми түрде ашылуы болып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Тіркелудің жоқтығы сол немесе өзге де себептер бойынша азаматтың билік органдарымен, банктермен, медициналық және өзге де ұйымдармен кез келген өзара байланысты қиындататыны барлығымызға мәлім.