Бірінші кезекте бірінші маңызды құжатты – жеке куәлікті немесе төлқұжатты алуда қажет. Қалай тіркелу немесе бұрынғы тұрғылықты жерден қалай тіркеуден шығу керектігі және жаңа үлгідегі жеке куәлікпен осының барлығын еш қиындықсыз қалай жасауға болатыны туралы сұрақтарға жауаптарды төменнен табасыз.
Тіркелу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес азаматтардың тұрғылықты жерін тіркеу пәтерді меншікке сатып алуды растайтын немесе оны пайдалануға алуға дәлел болатын құжаттар негізінде, соның ішінде жалдау (жалға алу) шарты бойынша немесе пәтер иесінің (жалға алушының) жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады. Мынадай жерлерде тіркелуге болады:
тұрғын үйлерде және пәтерлерде; бақша шаруашылығы серіктестері және кооперативтерінің саяжай құрылыстарында; жатақханаларда, қонақүйлерде, шипажайларда, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерде, пансионаттарда, қарттар үйінде, қызметтік ғимараттарда және бөлмелерде.Осылайша өз пәтеріңіз жоқ болғанда жалға алынатын пәтерде, сондай ақ жұмыс орнында жатақхана немесе қазыналық пәтерде тіркелуге болады. Тіркелу және тіркеуден шығу рәсімі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады. Тіркелу сәтінде егер пәтер сізге тиісті болмаса пәтер иесі немесе оның сенімді тұлғасы міндетті түрде қатысуы керек. Бұл үшін сізге келесі құжаттар қажет:
Үй иесінің келісімімен тіркеу туралы өтініш. Жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй иесiнiң (тұрғын меншік иесінің жеке қатысуы міндетті). Оның тұрғын үйді белгіленген тәртіпте меншікке алуын растайтын немесе ҚР заңнамасында көзделген өзге негіздер бойынша тұрғындарға қоныстану құқығын ұсынатын құжаттар (түпнұсқа және көшірме). Жұмыс орны бойынша тіркелу туралы ұйым (мекеме) әкімшілігінің сұраныс хаты (қызметтік мекемелерде және үй-жайларда тіркелуде). Жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (16 жасқа дейінгі балалар – туу туралы куәлік). Республикадан тыс жерлерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары – бұрынғы тұрған елден консулдық есептен шыққаны туралы белгісі бар паспорт, консулдық есептен шығу туралы белгі болмаған жағдайда азаматтылыққа тиесілігін міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі (немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті) берген бұрын тұрған елден есептен шыққаны туралы анықтама, шет мемлекеттің құзыретті органдары тиісті түрде берген және куәландырған бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеу есебінен шыққаны туралы құжат, бұрынғы тұрған елдің құзырлы органы берген азаматтығын алмағаны және тіркелмегені туралы анықтама. 0,1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек мемлекеттік баждан босатылатын тұлғалар растау құжаттарын ұсынады. Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің профилактикалық есепке қоюы туралы белгісі бар бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтама, ол жоғалған кезде – қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің тіркеу орны бойынша ішкі істер органына бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан адамдарды профилактикалық есепке қоюы туралы белгісі бар анықтама (оларға қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген, бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімін өтеу бойынша, не шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар үшін).Кәмелетке толмаған жастағы балаларды тіркеу және тіркеуден шығару туу туралы куәлікті немесе бар болған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын ұсынғанда жалпы негіздерде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес 16 жасқа дейінгі балаларды тіркеу туу туралы куәлікте немесе туу туралы куәлікке қосымша парақта ЖСН болғанда жүпзеге асырылады. Балаларды тіркеуге құжаттарды олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері тапсырады. Балалар мекемелеріндегі балалар егер олар ата-аналарының тіркелу орны бойынша тіркелмесе (балалар үйінде, мектеп-интернаттарда, арнайы мектептерде, училищелерде) осы мекемелердің және оқу орындарының мекенжайы бойынша аумақтық ішкі істер органдарының мекемелері әкімшілігінің сұраныс-хаты бойынша тіркеледі. Ата-аналардың бірі баланы тіркеуден шығара алмаса, бұл жағдайда пәтер иесінің болуы міндетті емес.
Есептен алу жаңа мекенжайға тіркеуде автоматты түрде жүргізілетін болады. Бірақ егер сіздің жеке куәлігіңіз ескі үлгіде болса немесе ол жоқ болса (16 жасқа дейінгі балаларда), тіркеуге тұру-тіркеуден шығу рәсімі стандартты түрде болады: бұл жағдайда сіз алдымен бұрынғы тұрған жеріңізден тіркеуден шығасыз, тек содан кейін ғана кету парағын ұсынғанда ғана жаңа мекенжай бойынша тіркеле аласыз. Қажетті құжаттардың тізімін электрондық үкімет порталында немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ақпараттық кестесінен алуға болатынын естеріңізге саламыз. Банк деректемелері және төленуге тиісті соманы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алуға болады.
Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелуден басқа тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелу сияқты түсінік бар, ол бірнеше басқа шарттарды білдіреді, олармен сіз "ҚР азаматтарын уақытша тіркеу" мақаласында таныса аласыз.
© egov.kz