Қазақстанда шетелдіктерді мемлекеттік қызметке қабылдауға рұқсат береді
21.10.2016, 14:46

Қазақстанда шетелдіктерді мемлекеттік қызметке қабылдауға рұқсат береді

Енді Қазақстанда шетелдіктерді мемлекеттік қызметке қабылдауға рұқсат береді, деп хабарлайды 7kun.kz

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және корруупциямен күрес істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Айгүл Шаимова айтты. Шенеуніктің сөзінше, Қазақстанның ішкі нарығында қажет профильдегі мамандар табылмаса ғана шетелден алынады.

«Біз мемлекеттік органдардың сұраныстарын анықтап, кейбір министрліктер мен әкімшіліктердің шетелдік мамандарды қажет етіп отырғандарын байқадық. Олар кен орындарын өндіру, аудит, геологиялық бақылау, халықаралық құқықтық сараптама сферасына, аймақтарда стратегиялық жоспарлау кеңесшісі, ветеринария және адами ресурстарды басқару саласына керек», — деп атап өтті Шаимова. Сондай-ақ, жеке және квазимемлекеттік сектордағы орындарға өзге елдің азаматтары орналаса алады. Бірақ олар жалпы конкурс арқылы таңдалады. 

Айгүл Шаимованың сөзінше, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақы жүйесі де толығымен өзгереді. Жұмыс нәтижесі жақсарту үшін қызметкерлердің тиімділігін бағалау жүйесі енгізіледі. Оның қорытыдысы бойынша бонус төлеу мәселесі шешіледі. Мысалы А корпусының қызметкерлерінің жұмысы жылдық келісім-шарт бойынша бағаланады. Ал Б корпусының қызметкерлері басшысы құрастыратын жеке план негізінде қаралады.

Мемлекеттік қызмет және коррупциямен күрес агенттігі экономикалық ғылымдар докторы Қайырбек Арыстанбековтың шененуік аппаратын қысқарту туралы ұсынысына жауап берді, дәлірек айтқанда келіспейтіндіктерін білдірді. Олардың мәліметі бойыща, қазір қазақстандық мемлекеттік аппаратта 98 886 адам жұмыс істейді.

«Экономикалық және серіктестік даму елдерінің тәжірибесіне қарасақ, олардағы мемлекеттің қызметкерлердің үлесі 2,4%, ал біздегі көрсеткіш 1,4%-ды құрайды. Сондықтан біздегі мемлекеттік қызметкерлердің саны тым көп деп айтуға болады деп ойламаймын. Бірақ жалпы алғанда бұл мәселе үнемі талқыланып, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру туралы ұсыныстар енгізіліп отырады», — деп атап өтті шенеунік.

Оның сөзінше, қазір бірінші жетекшілерге арнайы штаттық лимитке сай мемлекеттік аппаратты қысқарту туралы өз бетінше шешім қабылдау құқығы берілген. Үнемделген қаржы сыйақы мен бонустар төленуге жұмсалады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер