Бұл көрсеткіш 2017 жылдың соңында 52,6 пайыз көлемінде болған. Сондай-ақ, 8500-ден аса мемлекеттік қызметшілер және білім, денсаулық саласының 105 мыңға жуық мамандары бүгінгі таңда ХҚКО-на бармай-ақ қажетті қызметтерді электронды түрде алып келеді. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда 660 дана «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» орналастырылған. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қызмет алушы мен қызмет берушілер арасындағы тікелей байланыс 2 есе төмендеп отыр.
Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына Жолдауының 9-шы бағытында жемқорлықты алдын алуға бағытталған күрес әрі қарай жалғаса беретінін атап өтті. Осыған орай Департамент қызметтердің сапалы, әрі уақытылы көрсетілуін қадағалаумен қатар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жұмыстарымен айналысып келеді.
«Облыс әкімінің қолдауымен мектептерде сыйлықтар алу, ата-аналар мен оқушылардан негізсіз ақша жинау деректерін болдырмау мақсатында облыстағы білім беру ұйымдарында Департаменттің «WhatsApp» нөмірі мен 51-51-51 сенім телефоны жадынамалары ілініп, www.memkyzmet.kz сайтында «білім» айдары ашылды», - деді Әли Амантайұлы.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына қатысқан облыстық арнайы мониторингтік тобының басшысы Әділхан Исабаев азаматтармен кері байланыс орнату мақсатында «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгендігін айтты.
«Қоғамдық бақылау картасының жұмысы 8-775-869-21-21 нөміріндегі «уатсапп», «телеграмм» қосымшасы мен «фейсбук», «вконтакте», «инстаграмм» әлеуметтік желілеріндегі «Арнайы мониторинг тобы ОҚО» парақшалары арқылы жүзеге асырылады. Әр аудан, қаладан қоғамдық бақылау картасына жауапты адам белгіленген», - деді Әділхан Бегалыұлы.
Аталған байланыс желілері арқылы әрбір азамат өзінің арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жолдай алады. Мұндай заманауи кері байланыстар мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңсыздықтарды жоюға едәуір үлес қосатын болады.