"Кейде шаршағанда "Властелин колец" пен "Хоббиттің" үзінділерін қайта қараймын. Роман авторы Толкинның тереңдігі таң қалдырады. Өте сапалы ертегі. Сапалы дүние қашанда сұраныста. Тек фильмдері 6 млрд доллардай жинады. Кітап сатылымы бір бөлек....
Содан Толкиннің биографиясын қайта қарадым. Кәсіби филолог, талай елдің аңызын білген. 20-ға жуық тілді түрлі деңгейде меңгерген. Соғысты бастан кешірген. Бар білгенін жинап, әлгі романдарды жазған екен. Олар несімен сапалы?
Романдағы гномдар, эльфтер және басқаларына арнап бөлек тілдерді ойлап тапқан. Әр бірінің шежіресін бөлек жазған. Романдар сериясында ол шежірелер тағы шатыспайды. Тіпті, "Хоббиттағы" дракон Смаугтың шыққан тегі туралы жазыпты. Қысқасы, бірнеше мың жылдық қияли әрі толық әлемді ойлап тапқан. Не деген фантазия???
Бірақ ол көне еуропалық тайпалардың аңыздарының қосындысы деуге болады. Ал Толкин әр жерден бір элементті алып, әлгі әлемді жасап шыққан. Оны сатып, әжептеуір тиын тапқан.
Бұны неге жаздым??
Бізде де осы талай филолог бар. Неге Орта Азия елдерінің ертегі, аңыздарын, жыр, дастандарын жинап, фэнтези жанрында күрделі туынды жасамайды екен??
Өйткені бұл елдерде кейіпкер көп, ұқсас, бірақ терең емес және шашырап жатыр. Жинаса...
Дегенмен, ол үшін сұмдық еңбек, фантазия және білім керек енді!" деп түйіндеген блогер.
Ендігіде, мұны қабылдау я қабылдамау филологтардың өз құзырында. Қалай десе де, табылған ақыл. Ақыры тіл кәсібін таңдаған екенсің, ендеше, сонан қаражат тауап, бағыңды ашқан да дұрыс-ау! Елің де разы, өзің де разы, бұдан артық не керек? Ал филологтар енді сіздерге бір сын!