"Мен сіздердің сайттарыңызға шыққан қыздарға арналған мақаланың бірін оқыған едім. Астында байланыс деректерін көрсетіпсіздер. Неге жазып отырмын. Маған қаланың мына безендірілуі ұнамай тұр" деп бастапты ол сөзін.
"Тәуелсіздік күні қарсаңында Шымкент қаласы әкімінің аппаратынан жаңа жылдық безендіру көрсек те, еліміздің ұлы мерекесіне арналған бірде-бір белгі байқамадық. Елбасының өзі құттықтап жатыр. Тәуелсіздігіміз бәрінен үлкен емес пе? Сонда жаңа жыл артығырақ болғаны ма? Ең болмаса, егемендігіміздің бір символын білдіретін безендіру жасаса болмай ма? Қайда кетпей жатқан ақша. Көңілім толмайды....Күн суық, қолым икемге келмей тұр. Бірақ, бірнеше фотоны жіберуді жөн көрдім" деген жазарман.