Қытайдың ең сұлу қыздарының аяғы қандай болған? (фото)
02.03.2018, 09:21

Қытайдың ең сұлу қыздарының аяғы қандай болған? (фото)

Қытайда сан ғасырдан бері әйелдер сұлу көріну үшін аяқтарын кішірейтуге тырысып, оны бинттеп байлап тастайтын болған. Бұл туралы ktk.kz порталында жазылды, деп хабарлайды silteme.kz.

Британдық фотограф Джо Фаррелл 13 жыл бойы әдемілік үшін азап шеккен әйелдерді суретке түсіріп, жұрттың жағасын ұстатты. Қытайлық қыздар табан сүйектерін кішірейту үшін бес жастан бастап аяқтарын бинтпен орап тастайды екен. Оған қоса кішкентай аяқ киімдер киіп, барынша қысуға тырысады. Нәтижесінде аяқ сол қалыпқа түсіп, суда өсетін лотос гұліне ұқсап қалатын көрінеді.

Бұл дәстүр қазір қорқынышты болып көрінгенімен, 100 жыл бұрын Қытайда қалыпты құбылыс болып саналған. Халық қыздардың 7 сантиметрден аспайтын аяқтарын ең әдемі, ал 10 сантиметрден асқандары онша тартымды емес деп тапқан екен. Қытайдағы аяқты бинттеу дәстүріне мемлекет билігі 1911 жылы заңмен тыйым салған. Алайда ауыл халқы оны 1939 жылға дейін үзбей жасап келген.

Бүгінде Қытайда кішкентай аяқты әйедер өте аз қалған. Олардың көпшілігі 90 жастан асып кеткен әжелер.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер