Кейде жалқаулықты қызықсыз және қарбалас жұмыс пен ұрыс-керіс тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, еріншектік әділетсіздіктің салдарынан да туындап жатады. Елестетіп көріңізші, топ болып орындайтын тапсырманы сіздің мойныңызға арта салды. Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?Әрине, сіз бейжай куйге түсіп, жұмысқа деген ынтаңыз құм сепкендей басылады.
Тиымды алып, мақсатыңды айқындып ал!
1.Жалқаулық сіздің өн бойыңызды жаулап жатқанда, сіз бұның себебін іздеп көрдіңіз бе?
Бірге ойланып көрейік. Алдымен, өз-өзімізге «Бұл неге дәл менімен болып жатыр?» деген сұрақ қояйық. Жалқаулықты тудырған айқын себеп болуы ықтимал. Мысалға, қорқыныш, болмаса, әділетсіздік. Немесе сіз берілген жұмысты бар-жоғы 5 минутта орындап тастайтныңызға сеніміңіз мол ма?
Егерде сіз салмақты бөгет тапқан болсаңыз, онда оны айналып өтетін жолды іздестіруді бастаңыз. Мүмкін, сіз қарбалас жұмыстың басым бөлігін өзгелерге үйлестіріп, өз көңіліңізді ең қызық жұмыспен ауларсыз? Естеріңізде болсын, әр адамның талғамы әр түрлі. Сізді тығырыққа тіреген жұмысқа біреулер білек сыбана кірісіп кетеді.
2.Қолжетімді және сізді әрдайым қуантатын мақсат қоя біліңіз!
Мақсатыңыз тым жақын болмауы шарт, себебі бұл қызық емес. Алайда, аспандағы айды да армандап жүрмеңіз. Мысалға, сіз шығарма жазар алдында, оның тақырыбы мен желісі, кейіпкерлері туралы ойланасыз. Дұрыс па? Яғни, шығарма жазуды ойға алу мен оны жазып бітіру-екі түрлі әңгіме.
Ең абзалы, кішігірім мақсаттарыңыздың жүзеге асырылуы үшін, белгілі бір уақыт белгілеп қойыңыз.
Сізде мақсаттарыңызды жазған тізім бар ма? Болмаса, жазуды қолға алыңыз. Алдымен орындалуы ең оңай істерден бастаңыз. Мысалға, апта соңына дейін спортзалға жазылып қою, үй ішін бір сағаттың ішінде жинап үлгеру және т.б. Ал кейін төзімділікті қажет ететін істерге кірісіңіз, үй сатып алу, роман жазып бітіру, тұрмыс құру.
Сізді шабыттандыру үшін, суреттер мен жазбалардан құралған арнайы мотивация қабырғасын құрастырыңыз.
Әр кішігірім бастама үлкен іске жол ашатынын ешқашан ұмытпаңыз!
3.Басымдылыққа көңіл бөліңіз.
Тізіміңізді қайта қарап шығыңыз. Сіз үшін ең басты мақсат қайсы? Міне енді олардың астын сызып қойыңыз және естен шығарушы болмаңыз! Абзалы, айына бір рет сол тізімді қайта қарап, дұрыс таңдау жасағаныңызға көз жеткізіп отырыңыз. Таңдау дұрыс па, әлде басымдылық өзгерді ме?
Өз қалауыңызды мына сұрақтарды қою арқылы түсінуге болады:
Бұл шұғыл іс пе, әлде кейін орындасам болады ма?
Мына сұрақ төңірегінде дұрыс шешім қабылдап жатырмын ба? Болмаса,басқа жолын іздестіріп көрсем бе екен?
Өзгенің көмегімен бұл істі жақсырақ жасау мұмкін бе? Әлде, жалғыз өзім де керемет жасай аламын ба?
Мен бәрін шектен тыс артық бағалап жатқан жоқпын ба?
Әдетте адам өз жұмысын тым қатал сынның астына алады.
Перфекционизм баяулыққа, ал ол өз кезегінде, нәтижесіз жұмысқа әкеп соқтырады.
Мінсіз іс болмайды, ал қатты сындар жалқаулықты тудырады.
Инерцияны жеңу үшін қозғалыс қажет!
«Мен мұны жасай аламын» деп айтудан қорықпаңыз. Дәл қазір жабырқап, мұңайып отырсаңыз да, ештенеге қарамастан, өміріңізді жылдам өзгерте аласыз. Егер де өткеніңіз аяқ-қолыңызды матап ұстап отырса, жаңа өмірге аяқ басатын кез келді. Қорқыныштан қашпаңыз, керісінше оның көзіне тік қараңыз! Әрдайым тек жаңа бастамаларға ұмтылыңыз.
Бастаңыз. Өзгерістен қорықпаңыз. Сіздің алғашқы бастамаңыз — үлкен мақсат жолындағы алғашқы қадамыңыз.
Жоспарлай біліңіз. Жоспарлау ынтаңыздың алғашқы сәттерден бастап жоғалмауына көмектеседі. Алға қойған бастамаларыңыз көп болса, олардың арасында жоғалып кету қаупі бар. Ал бұл мотивацияны жояды. Сондықтан нақты жоспар бойынша қимылдаңыз. Тіпті демалыс уақытын да жоспарлап қоюға болады. Мысалға, егер қазір кино көріп, бой сергітетін болсаңыз, қай уақыттан бастап үй шаруасына кірісетініңізді белгілеп қойыңыз. Кір жуып, тамақ пісіретін уақытты да ыңғайлап алсаңыз, артық ойлар да азаяды.
Өзіңізді мақтаудан қорықпаңыз. Сіз — өз-өзіңізге ең басты сыншысыз. Алайда, сын айта жүріп, өзіңізді мақтап қоюды ұмытпаңыз. Мейлі, іштей болсын, я сөзбен болсын, өз-өзіңізге «Жарайсың!» деп айтып қойыңыз. Тіпті, осы үшін арнайы сыйлық сыйлаңыз. Ол кино көру, тәтті жеу, я болмаса демалыс жариялау ретінде көрінсе болады.
Өзіңіз де орындалған әр іске риза болып қаласыз.
Ешқашан берілмеңіз!
Егер сіз шабыт көзін ашсаңыз, одан айырылып қалмаңыз. Әр жеңіліске қапа болмай, керісінше содан нәтиже шығаруға тырысыңыз. Бәрінен қол үзуге шақ қалғанда, мынаны ойда жаңғыртып отырыңыз:
Ақыр соңында сізді бақытқа бөлейтін мақсатыңызды
Қол жеткізіп үлгерген жетістіктеріңіз зая кеткені ме?
Ешқашан берілмеу шарт!
©tabysker.kz