Оның дене тұрқының ұзындығы 150 сантиметр, салмағы 2,5-3 келіге жетеді. Келес кесірткесінің денесінің бұлшық еттері өте жақсы жетілген, аяқтарындағы 5 саусақтары ұзын, ұшында ішке қарай иілген тырнақтары болады. Мойны жуан. Терісін қаптап тұратын қабыршақтарын сыртынан айналдыра ұсақ қабыршақтар сақина тәрізді қоршап тұрады.
Келес кесіртке Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Қызылқұм мен Сырдария өзенінің өң жағалауындағы шөлді аумақтарда кездеседі.
Басы көп қырлы қалқаншалармен қапталған. Құрсақ жағындағы төрт қырлы қалқаншалары көлденеңінен орналасқан. Көз қарашығы үлкен, қозғалмалы қабақтары болады. Құлақ тесігі ылғи да ашық жатады. Аузындағы тілінің ұшы жыланның тіліне ұқсас екі айыр. Тістері өткір, түскен тісінің орнына жаңа тіс шығады. Реңі онша ашық емес, көбінесе құмға ұқсас сұр түсті болып келеді.
© kazgazeta.kz