ҮШ ЖҮЗ АТАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?
20.04.2018, 14:15

ҮШ ЖҮЗ АТАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

Қазақ хандығының үш территориялық-әкімшілік аймаққа, яғни үш жүзге: Ұлы жүз - Ақарыс, Орта жүз - Жанарыс, Кіші жүз - Бекарыс болып  бөлінуі сан ғасырлардан бері жалғасып келеді: 

        1. «Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

         Ұлы жүз тайпалары: 1. Сарыүйсін, 2. Шапырашты, 3. Ошақты, 4 Ысты, 5 Албан, 6 Суан, 7. Дулат, 8. Сіргелі, 9. Қаңлы, 10. Жалайыр, 11 Шанышқылы.

         Орта жүз тайпалары: 1. Арғын, 2. Найман, 3. Қыпшақ, 4. Қоңырат, 5. Керей, 6. Уақ.

         Кіші жүз тайпалары: 1. Байұлы, 2. Әлімұлы, 3. Жетіру.

         Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ. (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

        2.  Осы үшке бөліну ежелгі тарихшы Геродоттың еңбегінде де бар. Оның айтуынша скифтердің (қыпшақ-қазақтардың М.Қ.) атасы Тарғытай 3 баласына өз иелігіндегі жерлерді бөліп берген.

        3.  «Б.ж.с. дейінгі 2 ғасырда һұндердің жасаған жорығынан кейін, сақ (қазақ) тайпалары мекендеген өңірде үш ірі тайпалық одақ, үйсіндердің, қаңлылардың және аландардың (алаш) тайпалық одақтары жарыққа шықты. Бұл өңірлерде қалған сақ тайпалары осы одақтарға қатынасып, солардың атымен аталатын болды» («Қазақтың көне тарихы». 58 бет).         

        4.  2 ғасырдың екінші жартысында Сәнби тәңірқұты Таңшықай өз мемлекетінің құрылымын Мөденің үлгісімен жасап, өз жерін үшке бөлді: шығыс, орта және батыс аймаққа. Оның әрқайсысына ел ағаларын тағайындады. Сәнбилердің кім екенін Л. Гумиловтың сөзімен жалғастырсақ «Сәнбилер дегеніміз моңғолдар (Мұңалдар М.Қ.) еді, олар жеке тек ретінде хұндармен бірге жаралды да, бір толғақтан пайда болды.... 155-181 жылдардың арасында талантты ел көсемі Таңшықайдың тұсында қазіргі Монғолияның жерін өзіне қаратты және 177-жылы Ұлы даланы басып алуға ұмтылған қытайдың үш армиясының тас-талқанын шығарды». (Тұрсын Жұртбаев. Дулыға 2. 23-24 беттер).

        5.  «Жорықта жүріп шыныққан Руғила (Еділ-Аттиланың әкесі) патша үш ағайынды еді. Ақтар мен Мыңзық қос қанаттағы, өзі ортадағы әскерді басқарды». ...«Алман (герман) тайпалары да гот, шығыс гот, оңтүстік гот болып үшке бөлінген». ...«Түрік қағанатының дәстүрі бойынша әскер үшке бөлінетін. Қос қанатқа тек хан тұқымынан тараған ханзадалар әскербасылық ететін де, ортадағы жасақ тікелей қағанның өзіне бағынатын». (Т.Жұртбаев «Дулыға-2» 50. 151 беттер).

        6.  «...Шыңғыс, император, оңтүстікке бет бұрған билеуші», әскер мен ел басқаруды үш бөлікке бөлді: екі «қанат» - оң қанаты, Бауыршының басшылығындағы Алтайға жанасқан барыңғар және сол жақ қанаты, «го-ван» - «мемлекет князы» деген атақты иелденген Мұқалының басшылығындағы шығысында Цзинь империясымен жанасқан жоңғар. Орталық қараның – үшінші әскер тобының басшысы болып, Наяа тағайындалды» (І.Есенберлин. «Шыңғысхан әлем сілкіндірушісі» 56 бет). «149. Шыңғыс хан әмір етеді. «Қай жақтан нендей бір жау келуі мүмкін. Менің тоғыз сайытым үшке бөлініп жүріңдер!» («Моңғолдың құпия шежіресі» 80 бет).

        7.  «Кейінірек Шыңғысханның тақ мұрагері Жошы ұлысы да, оның екінші ұлы Берке ханның кезінде үш ордаға бөлініп, Алтын орда, Ақ орда, Көк орда деп аталып, Алтын орданың ұлы ханы Берке ханға бағынып тұрған. Ол жайлы Шәкәрім Құдайбердіұлы былай деп жазды: «Шыңғыстың үлкен баласы Жошыхан өлген соң оның орнына Бату Жошы баласы хан болды. Оны орыстар Батый дейді. Ал лақап аты Сайын хан еді. Оның орыс жұртын қаратып алғаны 1241 жылы. Батудан соң інісі Бүрге хан болды. Жошыдан бұрын Еділ-Жайықта қыпшақ атанып тұрған түріктер бар еді. Бүрге хан үш ордаға бөлініп, Алтын орда, Ақ орда, Көк орда – бәрінің үстінен Алтын ордадағы Бүрге хан билеп тұратын. Ақ ордаға Жошының Шибан деген баласы, бер жақтағы тамам көшпелі ел Көк орда атанып, оған Жошының Тоқай Темір деген баласы хан болды. Біздің Әбілмансұр – Абылай хан осы Тоқай Темір нәсілі.

        Бүргехан мұсылман болып Беркехан атанды, оған еріп Тоқай Темірде мұсылман болды. Бүргенің орнына Тоқай Темірдің Маңғу Темір деген  баласы үлкен хан болып, оның інісі Тудамөңке болып, одан соң жоғарыдағы Маңғу Темірдің баласы Тоқтағу болды. Одан соң Батудың Мең Темір деген баласының Тұрғұл дегенінің баласы Өзбек хан болды. Мұның хан болғаны 1301 жылы еді. Осы Өзбек хан мұсылман болып, халқында мұсылман қылды. Сол мұсылмандық бұзылған жоқ. «Дін Өзбектен қалды» деген мақал осылай туған және сол ханның атымен барша Жошы лесі өзбек атанды.

          Жошы үлесінің үлкен ханы тұратын Алтын орданың орны осы күнгі Еділ суының бойында, Астрахан мен Саратов арасындағы Тсариф деген қала еді. Ноғайлар Сарай деп атап, оны орыстар Царив деп кетті. Сол кезде де біздің қазақтың орны осы Сарыарқада еді» («Қазақ шежіресі». 42-43 беттер).

 

        8.  Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған".

 

        9.  Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".

 

        10. В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.

 

         11. М. П. Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.

 

         12. С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.

 

         13. Шығыстанушы Т. И. Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам айтады.

 

         14.  Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді.

 

         15.  Махмүд бен Уәлидің 1634—1641 жылдарда жазылған еңбегінде: "Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі", — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.

 

        16. М.С.Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік ағзаның жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз, - дейді. 

 

         17.  «ХІХ ғ. бірінші жартысында Маңғыстау қазақтары оңтүстік, орталық және солтүстік болып үшке бөлініп, бір шеті шығыста Қарабұғазда, екінші шеті – Қарақұм, Сам құмдарында, оңтүстігі – Түпқараған шығанағы мен Бозашы түбегіне, солтүстігі, Тайсойған құмы, Орь, Жем, Сағыз, Ойыл өзендерімен шектеліп жатқан кең өлкеде мал жайымен көшіп жүрді» (Востров В.В., Муқанов М., Жоғ. Көр.шығ., 248-254 беттер). Осы үшке бөліну дәстүрі Қазақтың қарашаңырағының иесі Байұлдарында сонау Ман Атадан бері сақталып келеді десек артық айтқандық болмайды. Себебі, күні бүгінде де Байұлында «үш сиық» тобы бар. Олар – Қыдырсиық, Бақсиық («бақытсиық) және Сұлтансиық. Еділ, Жайық,  Маңғыстау өңірлері де «Үш қиян» деп аталған бір территориялық аймаққа кіреді.

        Түсініктеме:  Қият (Қиян) Шыңғысхан шыққан рудың аты.

        18. Қазақтың үш жүзге бөлінуі тіпті әріден басталады. Ежелгі шежіре-дастандардағы қазақты «үш ананың баласы» дейтіндері осы. Олар сонау Адам ата заманынан бері мен, сен және ол болып үшке бөлініп келеді.

«Қазақтан Қырғыз, Алау-ды,

Айтып келем айырып.

Бөлінген тақта тарауды,

Алаудан - Алаш, Маңғыбай

Естімеген ел бар ма?

Бұлардың атақ-даңқын-ай.

Маңғыбайдан дүреген,

Алаштың алты баласы-ай.

Қатар екен көлемі,

Мал мен басы тең өскен.

Бір Алла берген ел еді.

Үш енеден туып дүреді.

Үш шешемнен туған соң

Осы еді ғой қазақтың

Үш жүз болған себебі.

Ағарыс пен Жанарыс.

Кенжесі екен Бекарыс.

Ақарыстың баласы:

Үйсін, Найман – Ұлы жүз.

Жанарыстың баласы:

Арғын, Қыпшақ – Орта жүз.

Бекарыстың баласы:

Алшын, Кеншін – Кіші жүз.

Бұл Қазақтың баласы

Өсіп еді қатардан,

Атамыздың даласы.

Еділ, Жайық – екі су.

Тоғайлық жатқан қалың ну.

Мекен еткен саласы» (Нұрым Шыршығұлұлы (Адай-Құдайке-Қосай-Сүйіндік) «Өткен мен айтып кеткенді, құтылайын міндеттен».

        19.  Әз әулиенің (Қазақтың) үш ұрпағы бар. Олар Ұлы жүз-Ақарыс, Орта жүз-Жанарыс, Кіші жүз-Бекарыс. «Бұлар халық арасында «Ұлы жүз – Үйсін», «Орта жүз – Арғын», Кіші жүз - Алшын» деп те атала береді» («Қазақ Совет энциклопедиясы» 4 том, 1974, 531-б).

       Бұл тізімді әлі де көптеп жалғастыра беруге болады. Бірақ, Біз бұл жолмен кете берсек, ақиқаттың «ауылына» ешқашан да жете алмаймыз. Ақиқаттың «ауылына» адаспай жетудің жалғыз ғана жолы бар. Ол «Сөз түбірі (өз түбі, яғни сол атаудың өзінің атасы) мен оның құрамын басшылыққа алу.

       Бүткіл жер бетіндегі (ғарышпен қоса) барлық атаулар мен ұғымдар қазақтың Ана тілінде қойылған. Осы тілде барлық атаулардың әрбір дыбысы (әрібі), үтірі мен нүктесіне дейін сөйлейді. Өзге тілде әлем тарихының құпиялары ашылмайды. Оны ашу үшін арнайы кілт (код)  керек. Ол кілт бүгінгі қазақтың Ана тілі. Тіл мен кілттің «Іл (ілкі)» деген бір түбірден болатыны тек қана осыны білдіреді. Сөз түбірі жаңылыспайды.  Бұл тілде Адам Ата мен Ауа Ана сөйлеген. Жан, сөз, көз Ұлы жаратушы Алланың өзінен. Жаның сенің денеңе деммен (ауамен) кіреді, денең өз мүмкіншілігін тауысқанда,  денеңді тастап шығып Ауа анасына қайта барып қосылады, яғни Алла саған өзі берген жанын өзі алады. Алланың аманатын күнә (салмақ) жинамай, яғни Әділет пен Ақиқаттан ауытқымай  дұрыс орындай алсаң, жаның ұжмақтағы (көктегі) Алланың ұжмағына қосылады, салмақ (күнә) жинасаң, жер астындағы дозаққа барасың. Киелі Кітаптардың бәрінде  Ұжмақ көк те, дозақ жеті қат жер астында делінген.

       Демек, Қазақтың үш жүзі Аллатағала Адамзатты жаратқан бастау кезеңдегі Үш аналық текті (Ауа ана, От ана және Жер ана) және Үш Көктің ізін, яғни Үш Өгізді: Көк аспан, Көк өсімдік (ағаш) және Көк теңіз (су) атауын сақтап отыр.

       Жоғарыда көрсетілгендерден шығатын қорытынды:

    -  Үш саны топан суға қарық болатын Нұқ пайғамбардың руы Қосайлардың сандық атауы.         Сан демекші, он саны Мұңалдың лақап аты, яғни оның сандық атауы. Бұл сан Мұңалға дейінгі барлық аталардың: бірінші буын Адайдың екі баласы Құдайке мен Келімберді, екінші буын Тәзіке (сөз түбірі Әз), үшінші Қосай (сөз түбірі Ос, жер өз осінде айналады), төртінші Құнанорыс (Рысқұл), бесінші Ақпан, алтыншы Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақ), жетінші Жеменей (Бұзау), сегізінші Семит (Семиттен Араб пен Ебрей тарайды), тоғызыншы Тобыш, оныншы Мұңалдардың жиынтығын құрайды.  Мұңалдардың Моңғол деп аталып жүргендерінің сыры осы.

          Үш - Қосай атамыздың лақап аты. Осы үш деген сөз түбірінен туындайтын күш, күшті деген ұғымдар Адамзаттың бастапқы даму кезеңінде осы Қосайлар заманында дүниеге келген. Қосай Адам (й) атаға рет санымен санағанда үшінші буын болып келеді.

           Қосай – біріккен сөз. Сөз түбірі Ос (Ош) болса,  Қос – екі,  немесе егіз + Ай деген сөздерден жасалған Үш санының атауын береді.

           Қазақтың «Күш-қуат» деген киелі сөзінің авторлары: Күштің авторы Қосай, Қуаттың  авторы аты айтып тұрғандай Қу мен Ад, яғни Құдайке ( Қу Адай әке) болып табылады.

           Ең алғашқы от жаққандар  Қосайлар. Маңғыстаудың қара ойының қақ төріндегі ең биік таудың Отпан (От ман, От адам) аталатын себебі де осы. Күні бүгінге дейінгі от жағатын қондырғыны «ошақ» және «мосы» деп атайтынымыз, осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.

           Себебі, алғашқы ошақты да, мосыны да жасағандар осы Қосайлар. Ошақ пен мосының  сөз түбірлерінің (Ош, Ос) Қосай атаның «азан шақырып» қойған есімімен бірдей болатыны осы. Қосай атамыз «ошақ» және «мосы» деген бір ауыз сөзбен күні бүгінге дейін «авторлық құқығын» сақтап отыр.

          Төрт амалдың бірі «қосу» Қосайлардың лақап аты. Екеуінің де сөз түбірлерінің бірдей болатыны осыдан. Сөз түбірі жаңылыспайды.

         Қосайларға «Аға баласы» деп аса құрмет көрсетілетінінің негізгі сыры да осы. Туған-тумаластарын, інілерін жанының жылуын беріп және от жағып жылытса, олар аға болмағанда кім болады?! Жанында ағасы бар жан қор болушы ма еді? Қосайдан жолдасың болса жолыңның болатыны да осы.

         Алланың хақ екендігін алғаш таныған Мұса (Мойсей) пайғамбардың да руы осы. Өздеріңіз көріп отырғандай Мұса пайғамбар есімінің түбірі «Ұс», бұл өз кезегінде құстың да сөз түбірі. Үш (сан атауы), Үс (үсті, үстіңгі), Ұш (аспанға ұшу), Ұс (ұстын), осы түбірден туындайтын Құс бәрі синоним сөздер болып табылады.

        Моңғол таза қазақ сөзі. Ол Мұңалдың лақап аты. Моңғол – сөз түбірі «оң», ары қарай ол, ғол (қол), оң қол, моңғол болып шығады. Бірінші тұрған «М» дыбысы әрқашанда Адам Ата есімінің соңғы, Ман Ата және Мұңал Ата есімдерінің бірінші дыбысын береді. Меніңше «Оң» мен  «Ол»-ға түсінік берудің өзі артық. Ал «Қол» деген сөздің негізгі екі мағынасы бар. Біріншісі адамның қолы, екіншісі қосын (жасақ, әскер). Сонда Моңғол сөзі – Адам, Ман, Мұңал аталарымыздың оң ісін (ақиқатын) жалғастырушы қосыны.

    -    Жүз – Нұқ пайғамбар елінің аты. Жу және Үз деген ежелгі аталы-балалы екі атамыздың (рудың) есімінен қалған. Сөз түбірі Үз (ұз, уз).  Бірінші буындағы Жу – Адайдың екі баласының үлкені Құдайке (Қу Адай әке) атамыздың есім тобына жатады. Мысалы, Ау (1), Әу, Бу, Гу, Ду, Еу, Жу (7), Зу, Қу(9), Ну, Оу,  Ру, Су, Ту, Шу(15). Барлығы қазақ әліппесінің реттік санымен берілген 15 түбір, яғни қазақтың әліппе дыбыстарының тең жартысын (15/15) құрайды. Басы Ауа анамыздың түбірі Ау-мен басталып Шу-мен аяқталып отыр. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қу (Қу Адай, Қуман)  атамыздың есімі толып, толысқанды білдіретін тоғызыншы ұрпақ.  Ал, «Жу» бөлінбейтін жетінші ұрпақ, яғни бұл жерде де Бұзау-Жеменейлердің сандық (реттік) атауын беріп тұр. Жеті саны Араб пен Еврейлердің аталары семиттердің ағасы Бұзау-Жеменейлердің лақап аты. Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған таудың Жуды деп аталатынының сыры осы.

       Екінші буындағы Үз (Ұз) түбір сөзі – Адай-Келімберді-Бұзау (Жеменей) атамыздың түп есімі. Бұл Адай атаның жетінші буыны Бұзау атамыздың сөз түбірі, яғни Айтумыс пен Жеменейдің әкесінің аты.

      Жүз сандық атау. Жүз саны Бұзау-Жеменей атамыздың лақап аты.

      Жүз – келбет (адамның, елдің, мемлекеттің бет-жүзі).

      Жүз – қылыштың, пышақтың жүзі. Себебі, қылыштың да, пышақтың да авторы Бұзаудың Айтумысынан тарайтын Шылым атамыз. Шылым мен қылыштың «ыл» деген бір түбірден болатыны осыдан. Адай ата шежіресіндегі, қыз алып, қыз берісуге тыйым салынған, туыстығы бөлінбейтін, жеті аталық жүйенің бастау алған жері, жетінші ұрпақ, қазақтың қасиетті жеті санының авторы Бұзау Жеменейлер. Олардың адами қасиеті қылшылдаған қылыштың жүзіндей өткір (білімді) болды.

-              Кеме (Нұқтың) тоқтайтын тауымыздың Жуды аталатынының сыры осы. Ол таудың қазіргі атауы Қазығұрт, яғни Қазық жұрт. Қазық қазақтың көптеген балама аттарының ішіндегі ең негізгілерінің бірі. Себебі, басқа жұрттардың бәрі  келеді, кетеді. Ал, Қазық жұрт орнынан ешқашан қозғалмайды. Аспандағы Темірқазық жұлдызы да солай.  Ол да, қаққан қазық сияқты, мәңгі бағыт-бағдар беріп, жол сілтеп тұра береді. Ал, алғашқы кеменің (ем, емдеу, емхана, еміл, емен, емле, темір, Иемен т.т.)  авторы Жеменейлер (Бұзаулар).

-              Жуды – сөз түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) Һұд,  Жу және Ұд (Һұд) деген екі біріккен сөзден, яғни ежелгі екі атамыздың атынан тұрады. Бұл жерде Жу баласы, Һұд (Ад) қауымы атасы. Себебі, «Ы» дыбысы «И», «Й», «І» және «Н» дыбыстары сияқты кез-келген есім сөздің соңына жалғанса баласы, ұрпағы деген мағына береді. Мысалы, Тоқтамыс Жары, Бектеміс Жары, Әкім Таразы, Тұңғышбай Әл Таразы, Құсайын Шеразы т.т. болып кете береді. Жу елінің малы түгел суға кетіп қырылғандықтан олар Жұтқа ұшырады. Қазақтың «жұт» деген сөзі солардан қалды.

        Жу (Жүз, Жұрт, Жуды) елінің тегі кім екендігіне Құран аяттары айқын жауап береді. «...Сондай-ақ, Ад еліне бауырлары Һұд (жібердік)» (Құран Кәрім. «Ал-Хаққа сүресі». 65 аят).

-              Жұрт – Жу, Ұр деген екі біріккен сөзден және «Т» дыбысынан тұрады. Жу елі атауының

мағынасын жоғарыда айттық, ал Ұр (Үр) – Тұран мен Түріктің түп атауы. «Т» дыбысы (таңбасы) әрқашанда толып-толысқанды, яғни кез келген ұғымның  ең жоғарғы шегіне жеткенін білдіреді. Мысалы, ұлт (ұл өсіп-өніп, көбейіп ұлтқа айналып тұр), жұт (Жу елінің малынан ештеңе қалмаған), сүт (судың ағарған ең сапалы түрі), өрт (бәрі жанып кетті), жылт (көрінді де жоқ болды)  т. т. болып кете береді. Ер жігіттің үш жұрты бар. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты.

 

-              Ал, үшке бөлінетініне келсек, бұл баяғы  Нұқ пайғамбар атамыздың үш жаққа жіберетін үш баласының Қам (Үнді), Сам (Иран, Арабия), Иафес (Еділ мен Жайық сулары арасы)) елі болып табылады. Атамыздың өз елі Қазық жұртта қалды. Олар сол қазық жұртта күні бүгінде де отыр. Олардың жаз жайлауы Сарыарқа, қыс қыстауы Манқыстау болды.  Бәрінің шыққан жері (бастауы) бүгінгі қазақ даласы. Басында олар мыңдаған жылдар бойы Аз (Қаз), Азақ (Қазақ), Азан (Қазан), Азар (Қазар), Азық (Қазық),  Қазықжұрт деп аталған бір мемлекеттің (қағанаттың) құрамында ғұмыр кешті.

-              Жужан Қағанаты – 5 ғасырда қазіргі  Солтүстік Моңғолияда құрылған көшпелі мемлекет (402 – 552).   Ұлы Ғұн (Күн) тайпаларының ұрпақтары. Жужан Қағанаты Үлкен Хингайдың шығыс, батыс баурайларын, Қленің жоғарғы ағысы мен Жоңғарияны, Селенганың жоғарғы ағысын, Хэ-си, Гаочан аймақтарын қамтыған үлкен территорияны алып жатты. Олар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Алтыншы ғасырда Жужан қағанаты ыдырап, олардың орнына Алшын (Түрік) қағанаты құрылды. Ал, Жужандардың бір бөлігі Каспийдің арғы бетіне қоныс аударады. Еуропа тарихшыларының деректерінде олар “аварлар” деп аталып,  Дунай мен Солтүстік Кавказды қоныстанады. Х1Х ғасырдың басында Орыс отаршыларына қарсы Капқаз (Дағыстан мен Шешен) халықтарының 25 жыл бойы жан аямай күресін ұйымдастырған атақты Шамил имам осы Авар халқының ұрпағы болатын. Бүгінгі әйгілі тарихшы Мұрат Аджиде осы халықтан.  Олардың қазақ арасында, яғни қарашаңырақта қалғандары Жанарыс деп аталып, бүгінгі қазақтың орта жүзін құрап отыр.

      Түсініктеме: Авар қазақтың «ауар», яғни «ауып қонған ел» деген мағына береді. Қазіргі Ауғанстан елі атауының да шыққан тегі осы, «Ауып қонған ел» деген мағына береді.

      Жужандардың ең қатты күшейген кезеңі Уди қаған тұсында болған. Міне ежелгі шежірелерде айтылатын Жуды тауы атауының шығу тегі.

-              Жуды, Жүз, Жужан, Жұрт, Жұт бәрінің бір түбірден болатыны осыдан. Еске ұста! Қазақта сөз түбірі (өз түбі), яғни сөздің атасы және оның құрамы  ешқашан жаңылысып көрген емес.

      Қазіргі адам саны 7 000 000 000-тан асты делініп жүрген бүкіл әлем елдері өз бастауын Атам Қазақтың Ұлы даласының Қазығұрт тауынан алады. Қазығұрттың толық мағынасы Қазық жұрт. Қазақтың көп дыбысты барлық сөзі біріккен сөздерден тұрады. Атам Қазақтың сөз жасау қағидасы бойынша екі сөзден бір сөз құралғанда дыбыс үндестігіне сәйкес, алдыңғы сөздің соңғы дыбысы, немесе екінші сөздің бірінші дыбысы түсіп қалып отырады. Мысалы: Атамның жұрты – Атажұрт, Ай ауылы – Айлы, Алып би – Әліппе, бастау алған – басталған, жоқ болған – жоғалған, тауып алған – табылған, Би Адай – бидай (авторлық құқық сақталып тұр),  Балықшы Сақ Ғұн (Күн) – Баласағұн,  Домбыра жасаушылар аулы – Домбауыл, Қаз бір (пір) – қазір, Хан ауылы – қаңлы, Қу Адай әке – Құдайке, Қаза Адам – қадам, Қырық оғыз – Қырғыз, Қожа Ахмет – Қожахмет, Хан аға – Қаңға,  Ноғайлар ауылы – Ноғайлы, Үстіңгі жұрт – Үстірт, Торы ат (Таурат) – Торат, От Ман (Отпан) – Отан, Ман әке – Меке (арабиядағы қала),  Жеті ру – Жетру, Түрік Ман – Тұран, Жары бұлақ – Жарбұлақ, Жары кент – Жаркент, Жары қала – Жарқала, Жары тас – Жартас, Жары құм – Жарқұм, Жары су – Жарсу, Жары мыс – Жармыш, Ман және Ана – Ман ата, Мандардың кенті – Манкент, Мандардың қыстауы – Маңғыстау т.т. болып кете береді. Бұл дауға да, күмәнға да жатпайды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер