Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихының әлі де зерттелуі керектігін айтты, деп хабарлайды Today.kz.
Маған ғалымдар ренжімесін – Назарбаев тарихты әлі зерттеу керектігін айтты
Президент бұл пікірін "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасының аясында өткізілген оқулықтарды таныстыру шарасында жеткізді.
"Үшінші – "Қазақстанның киелі географиясы" жобасы аясында 400-ден астам нысан бүгін іріктелді. Қазір оларды жөндеу, қалпына келтіру, зерттеу, насихаттары жүргізілуде. Біріншіден, біз өзіміз білуіміз керек. Әлі күнге дейн біз әлі біліп жатқан жоқпыз мына тарихымызда не болғанын, қазбаларда не табылып жатқанын. Кім еді? Маған ғалымдар ренжімесін, барлық осы жылдардың ішінде бір "Топономикалық Қазақстан тарихы" деген жақсы оқулық жоқ деп санаймын. Жазылды, әрине. "Қазақстан тарихы" деген анау кітап бар, мына кітап бар, бірақ, біздің жастарымызға нақтылап айту керек қой. Кейде, өздеріңіз білесіздер, барлығың ғалымсыңдар, тарихты жоқ нәрседен жасап береді. Әрине, өткен заманымыздың көбісі аңыз болып келеді. Ол кезде жазуға ешқандай жағдай болған жоқ, қағазға жазылып қалған жоқ. Сондықтан, осы мәселені қалыптастыру керек және "Қазақстанның киелі географиясы" жобасының біздің тарихымыз терең екенін өзге жұртқа көрсетуге үлкен көмегі болады деп санаймын", – деді Назарбаев.
Айта кетейік, Астанада "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында аударылған алғашқы кітаптардың таныстырылымы өтіп жатыр.
Назарбаев қазақ халқы әлемге өз мәдениетін, өз тарихын паш еткісі келетінін, бұған ешкім таңғалмауы тиіс екенін айтты.
Сондай-ақ дін өкілдеріне әлемдік діндердің шығу тарихын оқуға кеңес берді.
Мемлекет басшысы Қазақстанда білім сапасын жақсарту мақсатында университет саны қысқаруы мүмкін екенін жеткізді.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13