Бұл айтулы шарада ҚР Ұлттық ғылым академиясының 520 мүшесі, оның ішінде 14 толық мүшесі, ҰҒА 26 корреспондент-мүшесі, 56 ғылым докторы мен 137 ғылым кандидаты, философия докторлары Мемлекет басшысының қоғамдық сананы рухани жаңғыртуға бағытталған бағдарламалық құжатындағы міндеттерді жүзеге асыруға қарар қабылданды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 17 сәуірде қабылдаған № 462 қаулысы негізінде еліміздің мәдени-гуманитарлық дамуы мен рухани жаңғыруға байланысты бағдарламалық құжатын іске асыруға Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық комиссия құру туралы шешім қабалданған болатын. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қоғамдық сананы рухани жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Комиссияның төрағасы – Ерлан Сыдықов, Қазақстан халқы Ассамлеясының кафедра меңгерушісі Анатолий Башмаков, Түркология кафедрасының меңгерушісі Мырзатай Жолдасбеков тағайындалған.Конгресс жұмысының негізгі мақсаты: қоғамдық сананы рухани жаңғыртуға бағытталған Мемлекет басшысының тағдыршешті бастамаларына қолдау жасау, тарих ғылымы мен біліміндегі өзекті мәселелер мен мұражай мен мұрағат ісін жаңа деңгейге шығаруға бағытталған әрекеттерді талқылау, мектеп және жоғары оқу орындары оқулықтарының мазмұнын қайта жаңғырту, Елбасының «Туған жер» бағдарламасы бойынша қабылданған президенттік бағдарламасын жүзеге асыру. Сонымен қатар, тарих ғылымдарының докторы, «Еуразия» зерттеу орталығының директоры Зиябек Қабылдиновтың «Астана: прошлое и настоящее» кітабының, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиевтың «Саржал», «Алаш қозғалысы» атты 2 томдық кітабының таныстырылымы өтті.