Singer байқауының финалында микрофон үзіліп Димаштың даусы бәсеңдеп қалды - Қытай сайты
17.04.2017, 11:07

Singer байқауының финалында микрофон үзіліп Димаштың даусы бәсеңдеп қалды - Қытай сайты

Қытайлық Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының ақтық бәсекесінде микрофон үзіліп, Димаштың даусы бәсеңдеп қалды, деп жазады Қытайдың www.hsbaodi.com сайтына сілтеп inform.kz.

Интернет қолданушыларының айтуынша, әнді айтып келе жатып, соңына қарай Димаштың дауысы мүлдем бәсеңдеп кеткен. Жұптық өнер көрсету барысында тек Димаштың жұбы Шаң Венженің дауысы ғана естілгенін айтады жанкүйерлер.

«Сонымен қатар, тағы бір қытай әншісі Джаң Бичын де ән айтып келе жатып, ортасына келгенде микрофоннан ақау шығып, дауысы мүлдем естілмей қалды. Осылайша, әнші микрофонды жақындатып айтуға тырысты. Интернет қолданушыларының болжамы бойынша, Джаң Бичын сахнаға шығып ән айтып жатқан кезде, микрофоннан ақау шыққанын сезіп, микрофонға жақындау арқылы өзінің дауысын көтермек болған. Екеуі де айтарлықтай танымал әрі мықты әншілер, сахнада микрофоннан ақау туындағанына қарамастан, олар жақсы өнер көрсете алды. Соңында Димаш екінші орынға ие болып, Джаң Бичын алтыншы орын алды. Бұл айтарлықтай жақсы нәтиже», - деп жазады Қытай сайты.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер