"Димаш" әні
Сөзін жазған: Оңалбек Әуелбеков
Әнін жазған және орындаған: Руслан Ахинбеков
Жаратушы бір Алла,
Құдіретіңде шек бар ма?
Әнге бөлеп әлемді,
Нұрға бөлеп жүректі,
Барша әлем дүр сілкінді,
Талантты Димашқа.
Тамсандырып таланты,
Рух бердің жаһанға.
Қайырмасы
Димаш, Димаш,
Алланың сыйы.
Әлемнің жұлдызы,
Өнердің жауһары.
Димаш, Димаш,
Жаһанның ғаламаты,
Димаш, Димаш,
Алланың аманаты.
Әсем әуен бұлағы,
Шырын жанның шуағы.
Тылсым дүние талантты,
Тұлғалы ұлттың қыраны.
Төрткул дүние мойындап,
Қазақтың бағы жанды.
Шарықтай бер қалықтап,
Әнге бөлеп жаһанды.
Қайырмасы
Жарық нұры тәңірдің,
Мақтанышы әлемнің.
Әсем әнге салғанда,
Жүзі жайнар бар елдің.
Ай мен күндей жарықсың,
Бағы болдың халықтың,
Айналайын Димашжан,
Қолдай берсін тәңірің.
Қайырмасы
*Ақсақал туралы:
Әуелбеков Оңалбек Өтебайұлы Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам елді-мекенінде 1953 жылы дүниеге келген. Алматыдағы денешынықтыру және спорт академиясын бітірген. 1975 жылы еңбекжолын Отырар ауданындағы Қажымұхан Мұңайтпасов атындағы балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы болып бастаған.
1982 жылы Қазақстанның Халық ағарту ісінің үздік төсбелгісімен марапатталған.
1992 жылы аға мұғалім атағы берілген.
1993 жылы жылдың Үздік мұғалімі атанды.
2017 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс төсбелгісімен" марапатталды.
2018 жылы "Үздік жаттықтырушы" кітабы жарық көрді.
2018 жылы "Егемен елдің 100 қайраткері» кітабына шықты.
2019 жылы Отырар ауданының құрметті азаматы атағы берілді. 2020 жылы "Айбоз" республикалық журналына шықты.
Ақындық өнер жолындағы шығармалары: "Аташым", "Анашым", "Әкежан", "Жастарды көргім келеді", "Дариғашым", "Ұстазым", "Немерем", "Құрбы-құрдастар", "Қасиетті Отырар", "Димаш", "Келінжан».