Куәгерлердің айтуынша, қарсы бағыттан жеңіл көлік жоғарғы жылдамдықпен мотоциклшілердің біреуін қаққан. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, жарақаттанған мотоциклшіні ауруханаға жеткізеді. Жеңіл көлік жүргізушісі жарақаттанбаған.
Қазір жастарымыз жүруге мүмкіндігі бар барлық көліктерді мініп жүр. Солар кейбір жолапаттарына себепші болып жатыр. 2013 жылы қабылданған заң бойынша, біздің елде 16 жасқа толған жеткіншектерге көшеде көлік жүргізулеріне рұқсат етілген. Алайда, рұқсат тек қана мотоцикл, квадроцикл, мопед сияқты жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан асатын көлік құралдарына ғана берілген. Және олардың барлығы тіркеуге алынған. Бұл көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушілікке үміткер келесі құжаттарды тапсырады:
жүргізуші куәлігін алу үшін толтырылған бланк;
жеке куәлік;
мекенжай анықтамасы;
медициналық анықтама және оның көшірмесі;
курсты тәмамдаған туралы куәлік және оның көшірмесі;
мемлекеттік бажды төлеген туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленгенді қоспағанда);
жүргізуші карточкасы;
теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру нәтижелерімен емтихан парақтары;
Сыртқы істер Министрлігінің дипломатиялық корпусымен жұмыс жасайтын ұйымнан форма бойынша жолдама (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін);
Жанерке ХУМАР