Елордалық Оқушылар сарайында жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жобаның негізгі мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу болып табылады. Байқаудың ұйымдастырушысы Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы болды.
Жоба барысында конкурстық комиссия құрылды, оның құрамына: Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті нашақорлықтың алдын алу, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің бастығы Ильиных Сергей Сергеевич, нарколог-дәрігер, психикалық денсаулық орталығының психиатры Қойшыбеков Тоқтар Төреханұлы, режиссер, продюсер Әбдіғаппар Нияз, "Есірткісіз болашақ" корпоративтік қорының атқарушы директоры Ақтаев Жандос, қоғамдық ұйымның басшысы Марат Мұхамеджанұлы кірді.
Елордалық жастардан байқауға 76 бейнеролик келіп түсті, олардың ішінен 8 үздік бейнеролик таңдалды.
Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес:
1 орынды Абдиев Шерхан және Ғұмар Сұлтанбек алды;
2 орын- Алиби Мукушев және Бапанова Алтынай;
3 орын - Арман Серікбай және Бекен Әлем; қосымша жүлделі орындар – Назерке Жукина және Таңшолпан Нысанбек.
Жеңімпаздар мынадай мөлшерде ақшалай қаражат алды:
1 орын-300 мың теңге
2 орын - 250 мың теңге
3 орын - 200 мың теңге
Қосымша 2 үздік бейнеролик 25 мың теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болды.