Биыл «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға 4863 адам өтінім берді, олардың 800-і жақын арада пәтер кілтін алады.
Нұр-Сұлтанда бағдарлама бойынша өткендердің тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланған .
Үш тізім жасалды:
- Іріктеуден өткен (ең төменгі шекті балл – 20);
- Резерв (өтінім беруші негізгі талаптар бойынша келеді, бірақ балдар бойынша өтпейді және егер мақұлданған 800-ден бас тарту болған жағдайда, онда резервтік тізімнен өтінім берушілер қабылданады);
- Іріктеуден өтпегендер (qatysu.zhilfond.kz порталында жеке кабинеттен бас тартылған);
213 пәтер Кенесары және Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан, оның ішінде:
- 1 бөлмелі пәтерлер – 144. Жалпы ауданы: 40,0 - 49,5 м2.
- 2 бөлмелі пәтерлер – 69. Жалпы ауданы: 56,7 - 58,7 м2.
Тағы 587 пәтер Абылай хан, Б. Момышұлы және Р. Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан, оның ішінде:
- 1 бөлмелі пәтер – 378. Жалпы ауданы: 40,0 - 48,8 м2.
- 2 бөлмелі пәтерлер– 209. Жалпы ауданы: 55,9 - 57,5 м2 .
Өтінім берген қатысушылар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізілді, пәтерлерді бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына және жинаған балдарына сәйкес жүргізіледі.
- Бағдарламаның барлық қатысушыларына "Іріктеуден өтті", "Резерв" немесе "Бас тартылды" деген смс-хабарламалар жіберілді.
- Бағдарлама бойынша өткендер үшін қоныстандыру уақыты мен күні, пәтердің мекенжайы туралы ақпарат қосымша хабарланады және qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинетте орналастырылады.