ҚР азаматтарды уақытша тіркеу туралы не білеміз?
21.12.2017, 09:11

ҚР азаматтарды уақытша тіркеу туралы не білеміз?

Қазақстан Республикасының әр азаматы тұрғылықты жері бойынша тіркеуі болуы тиіс. Қазақстанда тұрақты және уақытша тұру орны бойынша халықты есепке алу заңнамада үнемі көзделген.

Тұрғылықты жері бойынша тіркелудің 2 түрі бар  - тұрақты және уақытша.

Тұрақты тіркеу – бұл тұрғылықты жері бойынша тіркеу. Уақытша  тіркеу – бұл азаматтың 1 айдан артық уақытша келу (тұру) орны бойынша тіркеу.

Аталмыш мақалада біз «Уақытша тіркеу» түсінігіне, ол қалай және қандай жағдайларда ресімделетініне толық тоқталамыз.

2017 жылғы 7 қаңтарда «Халықтың көші-қоны туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына енгізілген өзгертулер күшіне енді, ол заңдарда азаматтың уақытша келу орны бойынша тіркелу міндеті, сондай-ақ меншік иелері немесе тұрғын үйді жалға беруге уәкілетті адамдардың онда тұратын адамдарды тіркеу міндеті көзделеді.

Тіркеу бойынша жаңа ережелер тұрғылықты жерін уақытша өзгерткен адамдарға қатысты. Қонаққа, сондай-ақ басқа да жұмыстар бойынша  бір айға дейінгі мерзімге келген адамдар тіркелмеуіне болады.

«Уақытша тұрғындар» түсінігі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабында анықталған (уақытша тұрғындар – жалдаушы (меншік иесі, тұрғын үй кооперативінің мүшесі) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем алусыз тұрғын үйге уақытша тұру құқығы ұсынылаған  азаматтар).

Уақытша тұру орны бойынша  1 айдан артық мерзімге тұруға келген азамат 1 айдан артық мерзімге келсе, 10 күн ішінде тіркелуге міндетті.
 

Уақытша тіркелу үшін қайда тіркелуге болады және қандай құжаттар қажет?

Азаматтарды тұрғылықты жері немесе уақытша келу орны бойынша тіркеуді ішкі істер органдары халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) автоматтандырылған режимде келген кезде (ХҚКО облыстық маңызы бар қалалық бөлімдерінің, Астана және Алматы қалаларындағы азаматтарды қабылдау кестесі 10.01.2017ж. - 10.02.2017ж. дейін 8.00 сағаттан 20.00 сағатқа дейін дүйсенбі – демалыс күндері, түскі үзіліссіз, Астана және Алматы қалаларының ХҚКО 8.00 – 15.00 сағ. дейін) жүзеге асырылады. Тіркеуді ресімдеу рәсімі 10 минутқа дейінгі уақытты алады. Мәліметтер бірден ақпараттық жүйеге енгізіледі, олардан біруақытта «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қорына беріледі. Сондай-ақ «электрондық үкімет» www.egov.kz  порталы арқылы тіркеуге электрондық сұраныс беру мүмкіндігі бар. Ол үшін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы және тіркеуге келісімге «жеке кабинетте» қол қою үшін тұрғын үй меншік иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуді ауыстыруда жеке куәліктің чипіне жаңа мекенжай туралы мәліметтер енгізіледі. Портал арқылы уақытша келу (тұру) орны бойынша тіркелуде тіркеу онлайн режимде жүзеге асырылады.

Қазір тіркеу үшін келесі құжаттар қажет:

МИТК кодын көрсетумен тұрғын үй иесінің келісімі (немесе жалдаушыны тіркеуге нотариалды расталған сенімхатпен сенімді адамның); тұрғын үй иесінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке қатысу міндетті); тіркелушінің жеке басын куәландыратын құжат; тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін мемлекеттік баж алымын төлеу туралы түбіртек АЕК 10 пайыз мөлшерінде немесе 226,9 теңге.

Тіркеу – ол азаматтың заңды мекенжайы екенін атап өту қажет, ол меншік иесінің құқығына ие болуы үшін негіз болып табылмайды және тұрғын үйге иелікке үміткер болу құқығын бермейді.

 

Уақтыша тіркеу ережелерін сақтамау неге алып келеді?

Азаматтардың уақытша келу орны бойынша тіркеусіз тұруы әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Сөйтіп, уақытша келу орны бойынша 10 күнтізбелік күннен бір айға дейінгі мерзімде тіркеусіз болғанда ескерту жасалады. Бір ай өткеннен кейін 7 АЕК – 15 883 теңге мөлшерінде айыппұл санкциялары қолданылатын болады. Әкімшілік жауапкершілікке пәтерлерін жалға беріп, онда өзінің пәтер жалдаушыларын тіркемеген жалға берушілер де әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Айыппұл мөлшері 10 АЕК – 22 690 тг құрайды.

Егер көрсетілген бұзушылықтар әкімшілік жазадан кейін жыл ішінде қайтадан анықталса,  20 АЕК – 45 380 тг. мөлшерінде айыппұл көзделген.

© egov.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер