Теміржол тасымалдаушыларына жолаушыларды, багажды, жүк-багажды тасымалдау Ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынады
18.03.2017, 17:00

Теміржол тасымалдаушыларына жолаушыларды, багажды, жүк-багажды тасымалдау Ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынады

Алматыдағы вагон жөндеу заутының ғимаратында ҚР ИДМ Көлік комиетінің төрағасы Ә.Асаубаев халыққа сапалы теміржол қызметін көрсету мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді. Жиынға әлеуметтік мағызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын отандық тасымалдаушы компания басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Кеңес барысында мемлекеттік бюджеттен субсидияланатын теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету бойынша Министрліктің алдында шарттық міндеттемелерді орындау мәселесі талқыланды.

Министрлік алдында шарт бойынша 6 негізгі талапты және жолаушылар тасымалын дамыту мен сапасын жоғарылатуға бағытталған тасымалдаушының шарттық міндеттерінің 10 тармағын орындау қарастырылған.

Қызмет көрсету сапасы мен вагон паркінің жағдайына жолаушылардың шағымдары қарастырылды. Атап айтқанда 43/44

Қостанай – Алматы пойызына жасаған жолаушылардың шағымы қаралды.

Кеңес барысында ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багаждарын тасымалдау Ережелерін бұзғандығы үшін шарттық міндеттерге сәйкес 11 млн. теңгеден астам соммада айыппұл салынатынын хабарлады. Өткізілген сараптама нәтижесінде шарттық міндеттерді орындамаған жағдайда тасымалдаушылар мемлекеттік бюджет кірісіне 30 млн. теңге көлеміндегі қаржыны қайтаруға міндетті.

Бұл саладағы келеңсіздіктерді бұдан әрі болдырмау мақсатында Министрлік тасымалдаушылармен бірлесе отырып, сәуір айында әлеуметтік маңызы бар аралықтарға қатынайтын пойыздарға тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қоса, кеңесте Астана қаласында «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі өтетін аралықта жолаушылар тасымалын толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарланған шаралар әзірленді.

Бұл жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында қосымша 14 жаңа жолаушылар вагонын, соның ішінде, 3 қала маңындағы пойыздарды шығару жоспарлануда. Сонымен қоса, пойыздарға қосымша шамамен 150 бірлік тіркемелі вагонды тарту жоспарланған. Жалпы, теміржол көлігімен көрмеге 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейінгі аралықта шамамен 1,1 млн. жолаушы келеді, деп жоспарланған. Айта кетейік, жоспарланған шаралардың нәтижесі, соның ішінде вагондар паркін жаңарту мен тарту мәселелері маусым айындағы кезекті кеңесте қаралатын болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер