- 2016 жылдың 29 қазанында Астана қаласында «Асырап алушы отбасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру институты ретінде» екінші жыл сайынғы асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер форумы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Silteme.kz.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, сұхбат алаңы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиімді көмек беруге қатысты мәселелерді бірлесіп талқылауға бағытталған. Форум жұмысына әлеуметтік жетімшілік саласындағы сарапшылар, халықаралық сарапшылар және мүдделі асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер қатысады. Шақырылған халықаралық сарапшылар қатарында Ресей мен Украинаның балалар үйі тәрбиеленушілерінің әлеуметтендірілуі мен сәтті өткен тәлімгерлік жобаларының өкілдері бар.
Шараны Астана қ. әкімдігі, «Бала жанұяда өмір сүруі тиіс» қоғамдық қозғалысы, «ДАРА» қайырымдылық қоры, Қазақстанның асырап алушы ата-аналарының қазақстандық бірелстігі және ҚР БҒМ бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті ұйымдастырады. Форум қатысушылары Қазақстандағы әлеуметтік жетімшілік мәселесі қалай шешілуде, асырап алушы отбасыларының түрі мен айырмашылығы, кәсіби іріктеу қызметін құру өзектілігі, асырап алушы ата-аналарды оқытып, оларға қолдау көрсету секілді мәселелерді талқылайды.