Үлгерімі төмен студенттерге де стипендия беріледі – БҒМ
24.10.2016, 17:06

Үлгерімі төмен студенттерге де стипендия беріледі – БҒМ

Келесі жылдан бастап Елбасының тапсырмасына сәйкес кәсіптік және теxникалық білім тегін берілетін болады. Сондай-ақ, жұмысшы мамандығында оқитындардың барлығы шәкіртақы алады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Баршаға арналған ақысыз теxникалық және кәсіптік оқу, дуальді оқытуды енгізу» атты жиында ҚР Білім және ғылым министрлігі Теxникалық және кәсіптік білім департаменті басқарма басшысының орынбасары Ернат Жүнісов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

 

«Бүгін Мәжілісте екі мәселе қаралды. Біріншісі – теxникалық және кәсіптік білімді тегін беру, екіншісі – дуальді оқытуды енгізу. Елбасы келер жылдан бастап кәсіптік білімді тегін беру туралы тапсырма берген болатын. Министрлік осы бағытта жұмыс істеп жатыр.Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан жұмыс тобы құрылған. Бес отырыс өткізілді. Жақында болған жиында жергілікті атқарушы органдармен қаражат мәселесін қайтадан қарастыру тапсырылды. Жылдың аяғына дейін бұл мәселені толық талқылайтын боламыз», - деді Ернат Ғафуұлы.

Департамент басшысының орынбасары бұл жобаның негізгі тетіктеріне тоқталып өтті.

«Жұмысшы мамандықтары тегін оқытылады. Мұны Білім туралы заңның сегізінші тармағына енгіздік. Жұмысшы мамандығын алатындар санын арттыру мақсатында оқу бағдарламаларын әзірледік. Осы мақсатта республикалық бюджеттің есебінен 21 мың маманға орын бөлуді көздеп отырмыз. Қалған орынды жергілікті бюджет есебінен қарастырмақпыз. Бірінші кезекте мектеп бітіріп оқуға түспеген жастарды қамтуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға да мүмкіндік беріледі. 9 бен 11 сынып бітірген түлектер біздің тегін кәсіптік және теxникалық білім беруімізге қатыса алады»,- дейді ол.

БҒМ өкілі жұмысшы мамандығында оқитындардың барлығы бір мезгіл тегін тамақпен және шәкіртақымен қамтамасыз етілетінін айтты.

«Бұрын жұмысшы мамандыққа түсетіндер тегін тамақпен қамтамасыз етілетін. 2012 жылдан бері бұл тоқтатылып қалды. Енді соны қайта бастау мәселесі шешіліп жатыр. Жұмысшы мамандығына түсетіндер алдағы уақытта бір мезгіл тегін тамақтана алады. Осы уақытқа дейін тек жақсы оқитындарға стипендия беріп келсек, енді үлгерімі төмен студенттерге де шәкіртақы берілетін болды»,- деді Ернат Жүнісов.

Пікір  

Қытайдағы қазақ
+ 0 Қытайдағы қазақ 24.10.2016 20:03
Жақсы жаңалық екен, жалпы мемлекеттің ұстанып отырған саясаты, халықты тегін оқумен қамтамассыз ету өте құптарлық іс. Басқа мемлекеттерді көріп отырмыз, ешқандай да тегін оқуды көрмейсіз, оқудан бөлек ауырып ауруханаға жедел түссеңіз де қалтаңыздағы ақшаңызды қағып алады, ал біздің елде барлық жағынан мемлекеттік жеңілдіктер мен теггін қызмет көрсету қарастырылған.
Жауап беру

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер