Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қанат пен Света Айтбаевтардың ата-анасы, әнші Димаш Құдайбергеннің ата-әжесі Құдайберген аға мен Миуа апайдың алтын тойының құрметті қонақтары болды, деп хабарлайды Today.kz.
Димаштың ата-әжесінің алтын тойына Мұхамедиұлы мен Сапарбаев келді
Алтын тойға әдемі гүлмен келген қос шенеунік 50 жыл бойы керегесі сөгілмеген берекелі жанұяға ыстық ықыластарын білдірді.
Айтбаевтар әулетіндегі алтын тойға арнайы барғандардың ішінде қазақ эстрадасының жарқын өкілдері Лұқпан мен Айған Жолдасовтар, Мирас пен Құралай, Әділ мен Даналар да бар.
Тойға арнайы келгендер үшін алдымен қонағасы беріліп, кейін үлкен той жасалды.
Жазба авторы:
Мейіргүл ОңғароваSilteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13