- Астанада Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай инсульттың алдын алуға бағытталған акция өтіп жатыр, деп хабарлайды Silteme.kz.
2016 жылдың 29 қазанынан бастап бес ірі сауда орталығында («Хан Шатыр», Mega, «Сарыарқа», Astana Mall, «Керуен») артериалды қан қысымын өлшеуге арналған электрондық тонометрі бар тіректер орнатылады.
Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, акцияны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, «ADHARA» ЖШС СӨС ҚО-мен бірлесіп ұйымдастырады.
Шара халық арасында инсульттың алдын алу жүйесінің тиімділігін, қазақстандықтардың өз денсаулығы мен қан айналымы жүйесінің ауруларын және олардың ушығуларын уақытында анықтау үшін ортақ жауапкершілігін арттыруға; қоғамн назарын инсульттардың өршуінен туындаған проблеманың өзектілігіне аударуға бағытталған.
Мамандардың айтуынша, инсульттардың басты себебі жоғары қан қысымы болып табылады, осыған байланысты оны бақылап, уақытында өлшеп тұру алдын алудың өзекті міндеті болып табылады. Профилактика ауруға әсер етумен байланысты ғана емес, сонымен қатар қауіп факторларына да әсер ететін нәтиже береді. Бұл аурудың алдын алуға немесе ықтимал асқынуларға жол бермей, ерте кезеңде аурудың өтуін тиімді бақылауға алуға мүмкіндік береді.
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылдың 9 айында алғаш рет анықталған инсультпен 161 адам диспансерлік есепке алынған.