Мекемтас Мырзахметов: Тазабектің үйінде 20 уахабиспен бас қостым
01.11.2016, 12:10

Мекемтас Мырзахметов: Тазабектің үйінде 20 уахабиспен бас қостым

Белгілі абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов Алматы телеарнасындағы «Өткір тіл» бағдарламасына берген сұхбатында елімізге дендей енген уахабизм ілімінің қаупі мен тарихына тоқталды, деп хабарлайды baq.kz.

 «Мен уахабистердің қалай пайда болғанын білемін. Оның отаны Таразда болды. Сондағы жігіттер ұйымдастырды. Әуелі «уахабизм» дегенді білген жоқпын. Кейін ізденіп, бүкіл тарихын көтеріп, біраз мәліметке қанықтым. Тазабектің үйінде 20 уахабиспен бас қостым. Оларға неліктен мұның дұрыс емес екенін түсіндірдім. «Кейін қарабет болмайық, ойланыңдар» дедім. Содан тарап кеттік те, қайтып кездескен жоқпыз. Олар астыртын әрекет етіп жатыр. Құзырлы орындар оны мен айтпай-ақ біліп отыр», - дейді М.Мырзахметов.

Ғалымның пікірінше, уахабистер мемлекетке үлкен қауіп төндіріп жатыр. Дер кезінде алдын алмаса, соңы қасіретке ұрындыруы мүмкін.

«Уахабистерді жоймай болмайды, егер жоймасақ, олар бізді жояды. Оған мен түсінбейтін бір кедергілер бар. Олар қауіпсіздік органдарында да, депутаттардың арасында да отыр. Мен білгенді тиісті орындар білмейді дейсің бе?», - деп тоқталды Мекемтас Мырзахметов.

Оның пайымынша, бәрі сол ақшаға келіп тірелуде, уахабистер дін үшін емес, ақша үшін жанталасып жүр.

«Байтұрсынов: «Дінін шаншып істікке, әркім бір жем іздеп жүр» дейді. Неге біздің өнерпаздарымыз дінін сатты? Бірі жаңа пайғамбар шығармақшы, бірі кришнаны әкелмекші, енді бірі уахабизммен айналысады, не құдай ұрды бұларды? Олар бәрін біліп отыр. Дінге беріліп кеткен ешқайсы жоқ», - деп түйіндеді ол.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер