Бірде Ыбырайым қонақ күтіп отырса, Ібіліс келіпті. Ыбырайым селк ете қалып:
– Әй, малғұн! Сені кім шақырды? – дейді. Ібіліс:
– Алла жырық ыдыстан маған дәм бұйыртқан. Кесесі кетік пен табағы жырыққа қонаққа мен келемін, – дейді. Ыбырайым дастарханға қараса, кетік ыдыс тұр екен. Жырық кесені алып, сыртқа лақтырып тастайды да:
– Онда несібеңді сырттан ізде, – дейді. Содан бастап қазақ халқында кетік, сынған, жырық ыдыстан ас ішпейді екен. «Жырық ыдыстың кетігінен сайтан қосарлана ас ішеді» деген түсінік қалады.
Дереккөз: degdar.kz