Сіз ,бәлкім, құбырға кіріп шыға алмай қалған ит үшін, ауырып қалған үй жануары үшін немесе фильмдердегі жануарларға жаныңыз ашып жыламаған боларсыз!? Бала күніңізде ет жегісі келіп отырған қонақтарға сойылатын қойға, балапандарын жылан жұтқан қарлығашқа, тағы да басқа қоршаған ортадағы жан-жануарларға жаныңыз ашып, оларды жүрегіңіз езіліп, елжіреп ойлағаныңыз есіңізде ма? Әй, есіңізде жоқ-ау?! Қым-қуыт тіршілікте балалық пәктіктен алыстап, мүмкін бір кезде сондай таза әлемде болғаныңызды ұмытқан боларсыз!? Ендеше, адам табиғаты жақсылыққа құштар екеніне мына суреттер куә, тек біз оны жоғалтып алғанбыз!
Суреттер сөйлейді...
Бұл балақайлар бірін-бірі көргенде осылай қуанады екен!
Бұл балақай егесіз иттерге ауласынан үйшік жасап берген!
Бұл балақай тренерін жүрегі тоқтап қалғанда алғашқы көмек көрсетіп, құтқарып қалған!
Бұл балақай ұтып алған мың долларын ақ қанмен ауыратын көрші балаға сыйлаған!
7 жасар балақай ақша жинап, үйсіз-күйсіз жүрген балаларды тамақтандырған.
Сыныптастары "еркекшора" деп мазақтаған қыз, шындығында, шашын ісік ауруларына шалдыққан балалар үшін қиған екен
Дерек көзі: tviget.net