Желідегі жазбаға қарағанда «Қазақстанның әлемдік биіктігі» деректі фильм ғана емес, қызықты мәліметтерге толы шытырман тарих.
«Мәселен, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде не ұсынды? Ауғанстанға БҰҰ-дағы Қазақстан мен АҚШ өкілдері не себепті жасырын түрде барды? Мелания мен Бэррон Tрамп шын мәнінде қай жерде өмір сүреді? Америкада қазақстандықтармен кездесу қалай өтті? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы «Қазақстаннның әлемдік биіктігі» атты фильмде баяндалады»,-делінген хабарламада.
Деректі фильм 2 ақпан күні «Хабар» телеарнасынан көрсетілді.
Айта кетейік, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, қазақстандық делегация бір ай бойы БҰҰ-ның бас органына жетекшілік жасады.
«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде БҰҰ хатшылығының қатысуымен ұйымның күнделікті жұмысының үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз етті және мандат талаптарына сай өзіне жүктелген міндеттерді атқарды»,-деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапар жасап, онда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып- жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы мәжілісіне қатысты.