Показать содержимое по тегу: жүрек жартысы
Қыз бен жігіт жүріп жүрген кезінде, көп жағдайда қыздың ойында «Бұл сол адам ба?» деген күдік болады. Өмірлік серігіңді табу оңай емес. Кейбіреуіміз бірден ертегідегідей жарасып кетсек, кейбіреуіміз күдікпен күн өткіземіз. Сондай жағдайдағы басты қателігіміз қыздардың сезімге беріліп, жанымыздағы адамның көзге ұрып тұрған кемшіліктерін ақтап алып, өзімізді алдап, кейін сан соғып қалатынымыз. Әрине, көп нәрсе бұйырмысқа да байланысты. Болашақ өміріңінің барлық тұсын алдын-алу да мүмкін емес. Дегенмен, кеш болмай тұрғанда сіздің өміріңізді тең бөлісетін адамды тану жолында аянбауымыз керек.