Показать содержимое по тегу: бес әлеуметтік бастама
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысы көтерген әлеуметтік бастамалардың өңірде орындалуы жүйесі талқыланды. Алғашқы болып сөз алған облыс әкімі басты мақсат – Елбасы бастамаларын толығымен жүзеге асырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту екендігін атап өтті, деп хабарлайды silteme.kz АА.