Қазақстан 2017 жылы Израиль технологиясымен тұңғыш ұшқышсыздар жасауды жоспарлап отыр
17.09.2016, 14:05

Қазақстан 2017 жылы Израиль технологиясымен тұңғыш ұшқышсыздар жасауды жоспарлап отыр

Қазақстан 2017 жылы израиль технологиясымен тұңғыш ұшқышсыздар жасауды жоспарлап отыр дейді "Қазақстан авиация индустриясы" компаниясы ұшқышсыз ұшу аппараттары бөлімінің басшысы Жанту Мамашев
Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.

Тамыз айында республиканың қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Израиль арасында ұшқышсыз ұшу аппараттарын бірлесіп шығару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді деп хабарлаған. Министрліктің деректеріне сәйкес, жоба тиісті технологияларды алған және мамандарды оқытқан жағдайда ҰҰА құрастырып өндіру және сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін қажетті өндіріс қуаты мен кадрлық әлеуеті бар Астанадағы авиациялық-техникалық орталықта іске асырылатын болады. Одан басқа, израильдік ҰҰА операторларын дайындау орталығының базасында қазақстандық әскерилерді оқытып-үйрету бойынша келісім бар. "Elbit Systems (әртүрлі қару-жарақ түрін әзірлеу және жаңарту жөніндегі компания) компаниясымен қол жеткізілген келісімдер аясында қорғаныс министрлігіне Skylark және Hermes сериясындағы ұшқышсыз ұшу аппараттары қабылданды. Қазіргі уақытта аталған ұшқышсыздарды жинау және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін қажетті құрал-жабдықтарды жеткізу, сонымен қатар Қазақстанға ноу-хауды жинау және техникалық қызмет көрсетуге лицензия мәселесі бойынша келісім жасалуда", — деді Мамашев тілшілерге Қазақстан машина жасаушылары форумының аясында. Оның атап өтуінше, бұл келісімге жылдың соңына дейін қол жеткізіледі деп жоспарлануда. Ал жеткізу мерзімдері 6-7 айға созылуы мүмкін.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер