Айта кетейік, біздің елде ядролық медицинамен айналысатын бірнеше орталық бар. Бірақ жеткіліксіз. Себебі жыл сайын қатерлі ісік дертіне 17 мың адам шалдығады. Назар Сейдалин, ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының маманы: – Елімізде қатерлі ісікті анықтап, зерттейтін 2 томограф қана бар.
Егер шет мемлекеттермен салыстыратын болсақ, бұл әрине аз. Мәселен, Жапонияда 500 томограф бар. Ал АҚШ-та 300 мың адамға шаққанда бір аппарат іске қосылған. Бұл техниканың арқасында біз әрбір науқасқа қажетті емдеу тәсілдерін анықтай аламыз. София Ланцберг, М.Сорока атындағы медициналық орталығы институтының жетекшісі: – Бұл тәсіл арқылы біз қатерлі ісікті емдеп қана қоймай, сауығып кеткен адамдардың денсаулығын әрі қарай бақылаймыз.
Ядролық медицинадағы зерттеулер бүкіл әлемде жоғары сұранысқа ие. Қазақстан бірқатар әдісті енгізіп үлгерді. Жергілікті мамандар салада зор жетістіктерге қол жеткізіп жатыр. Ал мен өз басым израильдік ғалымдардың жаңа тәсілдерімен таныстырдым.
Дереккөз: 24.kz