«Қызыл» концентратты 50% өңдеу жоспарлануда
22.08.2016, 18:55

«Қызыл» концентратты 50% өңдеу жоспарлануда

«Қызыл» концентратты 50% өңдеу жоспарлануда ҚазАқпарат

«Polymetal International plc» директорлар кеңесі Амур тау-металлургиялық кешенін кеңейту жобасын мақұлдады.

Жоба Амур ТМК  «Қызыл» (Шығыс Қазақстандағы «Бақыршық», «Большевик» ТМК)  концентратының 50% өңдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Төзімді кен қорының тұрақты өсуін ескере отырып, елеулі шығындарды қажет етпейтін, Амур ТМК-дағы тар орындарды жөндеуге арналған бағдарлама - нағыз дұрыс стратегиялық қадам, - деді Полиметалл тобының бас атқарушы директоры Виталий Несис. - Жоба қолданыстағы инфрақұрылымды және өнеркәсіптегі бәсекелестікті дамытудағы біз жинақтаған тәжірибені барынша қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, біздің флагмандық жобамыз «Қызылдың» экономикасын елеулі түрде жақсартады».

«Қызылдың» технологиялық схемасы ұжымдық флотациялық концентраттағы жоғары және төмен көміртегі бар ағындарды гравитациялық бөлуді қарастырады. Кешенді меншікті және көлденең металлургиялық және минералогиялық тесттер көміртегі төмен материалды қолданыстағы Амур ТМК автоклавында (жабық қазан) өңдеудің тиімді екенін растады.

2018 жылдың екінші жартысында «Полиметалл» жобалық өнімділігі жоғары жаңартылған автоклав бөлімін шығаруды жоспарлауда, ол іске қосылысымен, Қызылдың алғашқы концентратын өңдей алады. (Негізгі шығын 55 миллион АҚШ доллары деп бағалануда (болжанбаған шығындарды қосқанда), оның басым бөлігі 2017-2018 жылдары  инвестицияланады).

 «Полиметалл»  металлургиялық сынақтарды және Қызыл мен сыртқы кен орындарының жоғары көміртекті концентраттарын өңдеу үшін автоклавтық тотығуда жоғары температуралы (230-240 С) технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін бағалауды жалғастырады. Аталған жобаға қатысты 2018 жылдың соңы - 2019 жылдың басында шешім қабылданады.  

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер