Алайда, бұдан басқа, бөлінетін ақшаның басым бөлігін жергілікті бюджет құрайды. Мысалы, өткен жылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бөлінген 345 млн теңгенің, 300 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген.
2021 жылы конкурс комиссиясының шешімі бойынша 318,3 млн теңге сомасына 67 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде 23 – кәсіпкер (13 - көпбалалы), 22 – жастар, 23 – халықтың әлеуметтік осал топтары.
2-ден 5 миллион теңгеге дейінгі гранттар "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында берілді. Көбінесе бұл қаражатқа кәсіпкерлер құрал-жабдық, жиһаз және компьютерлік техникалар сатып алады.
Жаңа істі бастағысы келетін кәсіпкерлер Кәсіпкерлер палатасында "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша тегін курстардан өтуі тиіс.
Курс қаржылық жоспарлаудың барлық модельдерін, кәсіпкерлік негіздерін, экономиканы, менеджментті, маркетингті, құқықты қамтиды. Курстан өту кезінде кәсіпкерлер барлық тәуекелдерді, ішкі және сыртқы нарықтарды зерделейді және бизнес-тәлімгердің басшылығымен бизнес-жоспарды іске асырады. Оқудан басқа, курс қатысушылары кәсіпкерлер палатасына тегін бизнес-жоспар құру бойынша көмек сұрай алады.
Гранттарды бөлетін конкурстық комиссия 11 адамнан тұрады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми және білім беру мекемелерінің өкілдері, салалық сарапшылар, өңірлік БАҚ өкілдері бар.
Өткен жылы бағдарламаға өзгерістер енгізілгені атап өтілді. Жобаларды бағалау тетігі автоматтандырылған: өтінімдерді қабылдаудан бастап ізденушілерге дейін және келісімшарттарға қол қоюға дейін.
Qoldau арнайы порталы арқылы комиссия жобаларды бағалайды. Конкурстық комиссияның әрбір қатысушысының бағасы түпкілікті шешімге әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін грант ізденушілерінің бизнес-жобалары басқа ізденуші кәсіпкерлердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Комиссия мүшелері гранттық қаражатқа сатып алынған өнімнің бағасы нарықтық бағадан жоғары болатын жобаларды қолдамайды. Сондықтан бизнес-жоспардағы көрсеткіштерді нарықтық бағаларға сәйкес мүмкіндігінше белгілеу ұсынылады.
Айта кету керек, гранттарға тек жас астаналықтар ғана емес, сонымен қатар зейнеткерлік жас алдындағы кәсіпкерлер, көпбалалы отбасылардың өкілдері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары ие болады.
Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы әлемдік коронавирустық пандемияға және карантиндік шектеулерге байланысты кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қосымша қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Мемлекет басшысының "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Жарлығына сәйкес экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы ШОБ субъектілері үшін бизнесті қолдауға салықтық ынталандыру шаралары қабылданды. Олар саудадан туристік бизнеске дейінгі экономиканың әртүрлі салаларын қамтиды. Нұр-Сұлтан бойынша салық жеңілдіктерімен жалпы сомасы 31 млрд теңгеге 97 мыңнан астам кәсіпкер қамтылды.
Сонымен қатар, қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру жандандырылды. Бизнестің жол картасы бойынша шарттар жеңілдетілді: кредиттің субсидияланатын сомасы ұлғайтылды, кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 6%-ға дейін нивелирленді, сондай-ақ портфельдік субсидиялау және бағдарламаны субсидиялау тетігі енгізілді.
Ведомство жыл басынан бері несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау тетігі бойынша 87,3 млрд.теңге несие желісі сомасына 1 546 шарт қолдау тапқанын, 12,4 млрд. теңге сомасына 1 059 кредит бойынша кепілдік берілгенін қосты.