ТҰҢҒЫШ РЕТ АҚТӨБЕДЕ ГІР КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
18.10.2016, 12:39

ТҰҢҒЫШ РЕТ АҚТӨБЕДЕ ГІР КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өңірде спортты дамыту және гір көтеруден әлем чемпионатының өткізілуіне дайындық жұмыстары бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі күні облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санының өсуі байқалады. 1863 дене шынықтыру ұжымдарында 224 мыңдай адам, яғни облыс тұрғындарының 26,9 пайызы спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Биыл спорт саласына 5132,0 млн. теңге бөлініп отыр. Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізуге 46,8 млн. теңге, әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындау және республикалық, халықаралық спорт жарыстарына қатысуға 2803,9 млн. теңге, оның ішінде «Ақтөбе» футбол клубына 2 млрд теңге бөлінген. Алайда елiмiзде, әлем бойынша өткізілген шараларда Ақтөбе облысы жақсы көрсеткiштерге жете алмай келеді. Мәселен, 2013 жылы медальдар саны 489 болса, 2015-те 441 медальдi еншiлеген.

— Ең негізгісі бұқаралық спортты дамыту маңызды. Аудан әкімдерімен бірге, федерациямен бірлесіп жұмыс жасау керек. Барлық алаңдар бар, салынып та жатыр. Соны біз дұрыс әрі тиімді пайдалануымыз қажет.

Әр түрлі спорттық шараларды көбейтсек, спортқа қызығушылардың саны көбейеді. Спортпен шұғылданушы жастарымыздың қатары көп болса, тәртіпбұзушылық та азаяды.

Ал жаттықтырушыларды қайта даярлау мәселесіне келетін болсақ, бүгінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша қайта даярлау курстарныан өткізуге болады. Неге мемлект қаражатын, аталған бағдалмаманы дұрыс пайдалана алмаймыз. Өзге өңiрлерге кетiп қалған бапкерлер мен спортшыларды шақыруымыз қажет. Олардың барлық жағдайын жасап, солармен бірге жұмыс істеуді тапсырамын, — деді Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысы сонымен қатар, алдағы уақытта облыстың ең үздiк бапкерi, спортшысы, спорт мектептерi таңдалынатын конкурстарды ұйымдастыру жөнінде өзінің орынбасары Асқар Шерияздановқа тапсырма берді.

Жаңадан салынып жатқан нысандар да назардан тыс қалмады. Ұлттық Олимпиадалық комитеті, Қазақстанның Street Workout федерациясы Ақтөбе қаласында 4 спорт алаңын салып,  тағы да 6 осындай алаң қаланың кәсіпкер азаматтарының демеушілігімен бой көтеріп, қолданысқа берілді.

Ақтөбе агломерациясын дамыту бағытында спорт саласы бойынша І-кезеңге 17 спорт нысанына 6,9 млрд. теңге, ІІ-кезеңге 29 спорт нысанына, 1,7 млрд. теңге, 3 кезеңге 19 спорт нысанына, 0,3 млрд. теңгеге, барлығы 65 спорт нысаны құрылысы жоспарланып отыр.

Аймақта 2012 жылдан берi әлем чемпионаты ұйымдастырылмаған. Сол кезде бiздiң өңiр самболшыларды қабылдаса, биыл әлемнiң 35 елiнен 450 гiр көтеру спортының майталмандары келедi деп күтiлуде. Ел намысын 54 спортшы, оның 7-уі ақтөбеліктер қорғайтын болады. Олардың қатарында әлемнің 12 дүркін чемпионы Евгений Гончаров та бар.

20 тамыздан бастап чемпионаттың өткізілуі бойынша «Қоныс» спорт сарайында штаб жұмыс жасауда. Штаб құрамына
облыстық федерация өкілдері мен дене шынықтыру және спорт қызметкерлері кіреді.

Облыс әкімі шараның өтетіндігі жөнінде хабарландырулардың да дұрыс жүргізілмей жатқандығын сынға алып, спорт басқармасы басшысына халық арасында ақпараттық жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсырды. Айтып өтейiк, гiр көтеруден әлем чемпионаты биылғы жылғы 26-30 қазан аралығында Қоныс спорт сарайында өтедi.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер