Қазақстан командасы 12-Азия ойындарына (Херосима қ., Жапония), 15-Азия ойындарына (Доха қ., Катар), 16-Азия ойындарына (Гуанджоу қ., ҚХР), 17-Азия ойындарына (Инчхон, Корея), сондай-ақ 2014 ж. Франция Нормандиясындағы Дүниежүзілік ат ойындарына (Әлем чемпионаты) қатысты.
1999 ж. Сеул қаласында кедергілерден өту бойынша Азия чемпионатында Қазақстан командасы 2-орынды, ал Петр Соловьев жеке есепте 3-орынды имеденді. 2000 ж. Қытайдағы (Бейжің) Шығыс-Азиялық елдердің чемпионатында В. Гулевых жеке есепте екінші орынға шықты. 2005 ж. Азия чемпионатында (Тайвань) Қазақстан спортшылары командалық есепте бірінші орын алды (П. Соловьев, Е. Мороцкий, О. Попеляев) және жеке есепте 1, 2-орындарды иемденді (Е. Мороцкий –1-орын, О. Попеляев – 2-орын.).
Біздің шабандоздар Әлем Кубогы Кезеңдерінің жеңімпаздары болды, ал 1998 жылдан бастап Әлем Кубогы Кезеңдері тұрақты түрде Қазақстанда өтеді. 1999 жылы Қазақстанның бастамасымен жаңа Орталық Азия Әлем Кубогының Лигасы құрылды. 1999-2000 ж. маусымының Орталық Азия Әлем Кубогы Лигасының бірінші жеңімпазы халықаралық сыныптағы спорт шебері Петр Соловьев атанды. Осылайша, жыл сайын Лиганың ең күшті спортшылары Орталық Азия лигасы өткізетін әлем Кубогы Кезеңдерінде кездеседі. Кезең нәтижелері бойынша Әлем чемпионатына қатысу мәртебесі берілетін жеңімпаз анықталады.
2011 ж. алғаш рет ат спорты III Қазақстан Спартакиадасының бағдарламасына қосылды.
Қазіргі таңда Қазақстанда Халықаралық ат спорты федерациясы тарататын классикалық ат спортының (Олимпиада ойындары) барлық 3 түрі де дамуда:
1) кедергілерден өту (конкур);
2) ат үйрету (атпен жүрудің жоғарғы мектебі);
3) үш сайыс (конкур, ат үйрету және өрістік сынақтар немесе ашық жердегі кросс).
Дереккөз: kazequestrian.kz